» Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.

Отандасымыздың келесі қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (28-0, 20 КО) болатын сияқты. Бұл туралы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері өзі хабарлады. Боксшы алдағы кездесуге дайындығын да бастап кеткен. Фалькао қазіргі уақытта IBF рейтингінде бесінші орында тұр.

"Жекпе-жектің нақты қашан өтетіні белгіленбеді. Шамасы тамыз айында шығар. Мен қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл мен үшін керемет мүмкіндік болады. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді", - деді Фалькао uol.com.br басылымына берген сұқбатында.

Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға желтоқсан айында шықты. Ол кезде польшалық Камиль Шереметаға (21-1, 5 КО) қарсы кездесу өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
---
04 мамыр 2021 ж. 165 0