» » Пәкістанда жауған қалың қардан 14 адам көз жұмды

Пәкістанда жауған қалың қардан 14 адам көз жұмды


Пәкістанның Белуджистан провинциясында нөсер жауынның арты қалың қарға ұласты. Соңғы күндері жауған қардың мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордтан асты. 

Бұл туралы Dawn басылымы жазды. 

Ауа райының күрт бұзылуынан бұл аймақта кемі 14 адам көз жұмған. Оның ішінде әйелдер мен балалар бар, тағы ондаған адам жарақат алған. Ел билігі қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады және зардап шеккен аудандардың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірмек. 

Сондай-ақ, қалың түскен қардан көлік қозғалысы да қиындыққа тап болған. Автожолдарда көлік қозғалысы қиындап, бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болған. 

Үздіксіз жауған қардан провинция орталығы Кветте ұшақ рейстері де тоқтатылған. 

Синоптиктердің мәліметінше, қар аралас жауын әлі бірнеше күнге жалғасады.


baq.kz
13 қаңтар 2020 ж. 545 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 717

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031