» » Үш ағайынды 40 жыл бойы бірдей сандармен лотерея ойнап, джекпот ұтып алды

Үш ағайынды 40 жыл бойы бірдей сандармен лотерея ойнап, джекпот ұтып алды



Аустралияда 40 жастағы үш ағайынды бірдей сандармен лотерея ойнап, 511 мың аустралиялық доллар (156 миллион 506 мың 364 теңге) көлемінде джекпот ұтып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Виктория штаты Ричмонд қаласында тұратын ағайындылардың бірі апта сайын лотереяға ойнайтынын айтады. Ол отбасымен бірге 26 қыркүйекте өткен лотереяда алғашқы он жүлденің бірін ұтып алыпты.

"Неліктен дәл осы сандарды таңдағанымыз есімізде жоқ. Бұл осыдан 40 жыл бұрын болған оқиға еді. Әрқайсымыз сандарды жазып, ойынға билетті таңдайтынбыз. Содан бері лотереяға үнемі қатысып келеміз", - дейді ол.

Аустралиялық тұрғын ағаларымен бірге жеңімпаз болғанын екі рет тексергенін айтады. Оған 10 минут жұмсапты. 

"Мұны басқаларға айтпас бұрын оның шындық екеніне көз жеткізгім келді", - деп түсіндірді ол.

Үш ағайында 511 мың аустралиялық доллар (156 миллион 506 мың 364 теңге) ұтып алған.

kaz.tengrinews.kz
29 қыркүйек 2020 ж. 973 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930