» » Әйгілі футболшы Роналдиньо бірден екі қызға үйленгелі жатыр

Әйгілі футболшы Роналдиньо бірден екі қызға үйленгелі жатыр


Әлем футболының аңызы Роналдиньо ағымдағы жылдың тамыз айында бірден екі қызға үйленбекші.

Бұл туралы бразилиялық БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
38 жастағы «Алтын доп» иегерінің таңдауы Присцилла Коэльо мен Беатрис Соузаға түскен. Футболшының Присцилламен бірнеше жыл бойы кездесіп жүргені белгілі. Ал Беатрис Соуза роналдиньомен 2016 жылдан бері кездесе бастаған. Екі бойжеткен де Белу-Оризонти қаласының тумасы болып шықты.
Футболшы екі сүйіктісіне де ай сайын 2 мың доллардан бөліп тұратын көрінеді. Сондай-ақ, екеуіне бірдей сыйлықтар жасайды екен. Мысалы, жақында екі бойжеткенге де бірдей иіссу сыйлап, шетелге бірге саяхаттады.
Ал әлемдік футбол жұлдызының неке тойына көптеген танымал адамдар келеді деп күтілуде. Кей мәліметтер бойынша неке рәсімі Рио-де-Жанейрода өтеді делінсе, өзге деректерге сәйкес, Санта-Моникада өтуі мүмкін.
Айта кетсек, Бразилияда көп әйел алуға тйым салынған. Мұндай әрекет үшін, тіпті, 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Айта кетсек, футболшы Роналдиньо өткен жылдың аяғында саясаткер атанған еді.


Stan.kz
25 мамыр 2018 ж. 846 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30