Баламен жүрген туристер гепардтармен суретке түсемін деп, олардың жемтігіне айнала жаздады (видео)
Beekse Bergen – Африканың жабайы жануарлары мекендейтін Голландияның сафари паркі. Ережеге сай саябақ келушілеріне өз көліктерінен шығуға қатаң тыйым салынған. Алайда, ол тәртіпке бағынбай балаларымен геопардты жақын көруге барған француздық отбасы жабайы жыртқыштың жемтігі бола жаздады.
Бұл туралы Life.ru-ғасілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Бес адамнан тұратын отбасы, оның ішінде үш ересек пен екі бала саябақтың ортасында көліктен шығып, онда демалып жатқан гепардтарды суретке түсірмекші болды. Алдымен бәрі ойдағыдай өтті. Бірақ бес адамнан тұратын отбасы көліктерімен біраз жүргеннен кейін, қайтадан серуендемекші болып сыртқа шықты. Ал, бұған дейін демалып жатқан жыртқыштар серуендеп жүрген адамдарды көріп, оларға шабуыл жасамақшы болды.
Бұл жабайы мысықтар – жерде мекен ететін ең жылдам сүтқоректілер.
Туристер жыртқыштарды соңғы сәтте байқап қалды. Гепардтарды көріп қалған әйел тезірек кішкентай баланы алып, жануарларды қууыға тырысты. Ақырында олар серуендеу кезінде ешқашан көліктен шығуға болмайтынын түсінді. Жыртқыш аңның жемтігіне айнала жаздаған отбасы аман қалу үшін көлікке қарай жапатармағай жүгіріп келді.
Ал, басқа демалушылар саябақтың ережесіне құлақ аспай, гепардтармен сэлфи жасамақшы болған адамдардың әрекетін түсіріп тұрып, бұл көріністен қатты әсер алды. Олар да әлгі туристер сурет үшін жыртқыш аңның жемтігіне айнып кете ме деп үрейленді. Бақытымызға орай, бұл оқиғада ешкім зардап шекпеді. Осыған байланысты, саябақ қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруді тағы да еске салды.
Stan.kz