Неке жүзігін жоғалтып алған ер адам оны 52 жылдан кейін тапты
Эдди Стоко сүйіктісіне үйленгеніне алты ай болғанда 1966 жылдың наурызында Дарем графтығының крикет клубында ойнап жүргенінде неке жүзігін жоғалтып алды. Сонда ол өзі үшін өте маңызды саналатын нәрсені енді көре алмайтынына көніп, жаңасын сатып алуға келіседі. Дегенмен, кейде тағдыр бізге күтпеген тосын сый жасайды.
Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Алаңға шығар алдында бізге зергерлік бұйымдарды, яғни сақинаны шеше тұруға тура келді. Ал, біз ойыннан қайтып келгенде, қойып кеткен неке жүзігім онда болмады. Мен оны бірнеше апта бойы бүкіл алаңнан іздеп шықтым, бірақ нәтижесіз болды»,-дейді қария.
52 жылдан кейін Эддидің ағасы кездейсоқ сол клубтың жанында тұрған әйелмен танысып қалады. Әйел өзен жағасында итін серуендетіп жүргенінде шалынып қалып, аяғының соққысымен тастың астынан жоғалған сақинаны теуіп шығарған. Ал, осыдан 52 жыл бұрын жоғалған неке жүзігінде ерлі-зайыптылардың есімі жазылған болатын. 73 жастағы Эдди әйелі екеуінің аттары жазылған алтын сақинаны көргенде қуаныштан жылап жіберді.
Эдди өзінің алғашқы махаббатына 1966 жылдың 16 қазанында үйленді. Олардың неке жүзіктері ерекше болды, сондықтан үш баланың әкесі таңғажайып жағдай болады деген үмітпен жаңа сақина сатып алудан бас тартты. Ол жүзік енді Эддидің саусағына тура келмесе де, ол оны мақтан тұтып кішкентай саусағына тағып жүр және оны ешқашан шешкісі келмейді.
Stan.kz