» » Метроға ешкісімен кірген жігіттің кесірінен пойыз тоқтап қалды (фото)

Метроға ешкісімен кірген жігіттің кесірінен пойыз тоқтап қалды (фото)

  
Франция астанасында 13 қараша күні қызықты жағдай орын алды. Метроға ешкісімен қоса кірген азамат, жолаушыларға лық толы пойыздың тоқтап қалуына себепкер болған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ФоÑо: life.ru

Қоғамдық көлік ішіне жануарды алып кірген жігіт көпшіліктің ашуын тудырған. Жолаушылар одан пойыздан шығып кетуін талап еткенімен, ол өз дегенінен қайтпаған.

Ер адамның қылығына шүйліккен жұртшылық оны полицияның көмегімен шығарудан басқа амал таппаған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшыларын көре сала, ер адам бірден ізін суытуға тырысқан. Алайда, полицейлер қоғамдық көлікте шу шығарған азаматты ұстап үлгерді.
Кейін елдің есін шығарған жігіттің қолындағы ешкіні ұрлап кеткені анықталды. Пойыз қозғалысы ер адам ұсталғаннан кейін қалпына келген. Алайда көптеген жолаушылар жұмысына кешігіп барған.

Париж тұрғындары метрода мұндай оқиға бұрын-соңды болмағанын айтады.
Айта кетейік, Парижде меторға тек иттерді алып кіруге рұқсат етілген.


 NUR.KZ.
15 қараша 2018 ж. 620 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930