» » Үндістанда алғаш рет пілдерге арналған аурухана ашылды

Үндістанда алғаш рет пілдерге арналған аурухана ашылды

Астана, BAQ.KZ. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында алғаш рет пілдерге арналған аурухана ашылды. Бұл туралы nat-geo.ru сайты хабарлады.


Матхура қаласында арнайы мамандар ауырған, жараланған және кәрі пілдерге қамқор болады. Бұл жоба Wildlife SOS зооқорғау ұйымы мен Уттар-Прадеш штатының орман департаментімен бірлесіп жасалды. Аурухана заманауи құрылғылармен және карантин кезінде бөлек жататын бөлмелермен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта ауруханада екі піл бар, олардың бірі 35 жасар Майя атты піл (бұрын циркте болған) және 55 жастағы Фулкали (бұрын діни және той рәсімінде атрибут ретінде қолданылған). Олардың екеуінің де көздері нашар көреді, сол себепті оларға кәсіби мамандар қарайды.
1 шаршы шақырымға созылатын ветеринарлы орталық қала қонақтары көп келетін жерлердің біріне айналмақ: туристер пілдердің қалай емделіп жатқандарын өз көздерімен көре алады.

«Үндістан пілді ғасырлар бойы қолданып келеді. Енді бізде оларды емдеп, қамқорлық көрсететін орын бар», - дейді орталықты құрушылардың бірі Джеета Сешамани.

Үндістанда шамамен 27 000 жабайы, 4000 асыранды піл бар. Оларға көлік, пойыз және браконьерлер қауіп төндіреді. Бұдан былай Үндістанның солтүстігінде піл жол-көлік оқиғасынан зардап шексе, мамандар оқиға болған жерге барып, көмек көрсетеді.


Baq.kz
21 қараша 2018 ж. 731 1

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 17:11
Efectos Cialis Barato cialis viagra levitra kaufen rezeptfrei Propecia Asexual Cost Propecia

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031