» » ШЫМКЕНТТЕ ПИЛОТСЫЗ БАСҚАРЫЛАТЫН ҰШАҚ ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ПИЛОТСЫЗ БАСҚАРЫЛАТЫН ҰШАҚ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласында адамның басқаруынсыз көкке самғайтын ұшақ жасалды. Құрылғыны құрастырған конструкторлар аппаратты өрт ошағын анықтап, мұнай мен газ құбырларын бақылауға және әскери мақсатта жұмыс істеуге қолданып көрмекші. Озық техника қазір соңғы сынақтан өткізіліп жатыр. Тиімділігіне көз жеткізген соң жаппай өндіріске шығару жоспарда тұр. 
Пилотсыз ұшақтың соңғы сынақтан өту барысын ондаған адам тамашалауда. Шымкент қаласында жиналған бұл аппарат аспанға жеті мың метр биіктікке көтерілуі тиіс. Егер аппарат сынақтан сүрінбей өтсе, бұл жоба жаппай өндіріске шығарылмақ. Құрастырушылар бұл жолы бірден екі аппаратты сынақтан өткізді. Олар шағын ұшақтарды құрап шығару үшін өз қаражаттарын жұмсаған. Мамандар бұл құрылғы келешекте ауылшаруашылығында таптырмас көмекші болатындарына сенімді. 
Виктор Велесик, «Робавиа» ЖШС тең құрылтайшысы: 
– Аппараттардың бірі ауылшаруашылық саласына арналып жасалды. Ал екіншісі барлау бағытына қызмет етпек. Мысалы, әскери іс-қималдар мен шекара күзету мақсатында қолданылады.  Жаңа техниканың мүмкіндіктерін мамандар монитор алдында отырып бақылай алады. Шағын ұшақтардың салмағы – 30 келі, ол сағатына 150 шақырымға дейінгі жылдамдықпен ұша алады. 
Виталий Сауляк, құрастырушы: 
– Біздің ұшақтар биіктігі 80 шақырымға дейін көтерілген болатын, оны 1000-ға дейін жеткізуге болады. Тек ол үшін ұялы телефондардағы антенналар сынды ретрансляторды орнату қажет.  Заманауи техника сынақтан сәтті өтті. Енді кәсіпорын ай сайын онға жуық шағын ұшақты өндіруге дайын. 

Дереккөз: мassaget.kz сайты
28 сәуір 2018 ж. 1 032 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930