» » Миының оң жағы жоқ адам сол бөлігі жоқ жанды тапты

Миының оң жағы жоқ адам сол бөлігі жоқ жанды тапты


24 жастағы ұлыбританиялық Льюис Анвин (Lewis Unwin) мен 20 жастағы австралиялық Аарон Пейнге (Aaron Payne) хемисфероктомия деп аталатын ота жасалған. Бұл ота адам миының жарты бөлігін алып тастайды не оның қызметін тоқтатады. Олар бірнеше жыл бұрын интернет арқылы танысқан. Жақында Льюис алғаш рет Австралияға барып, Ааронның үйінде бір апта болды.
Аарон кішкентай кезінде эпилепсияның ауыр түрімен сырқаттанады. Күніне 100-ден аса приступ болып тұрған. Ол басын қорғау үшін үнемі шлем киіп жүрген. Миының сол жақ бөлігін алып тастаған соң, приступ тоқтайды. Тек ол оқу және оң көзінің көру қабілетінен айырылып қалады.
Бұдан бөлек, денесінің оң бөлігі әлсізденеді. Бұған қарамастан ол хемисфероктомия отасын жасатқанына өкінбейді.
Льюис болса денесінің сол жақ бөлігіндегі тоқтаусыз судорогтардан құтылу үшін миының оң жақ бөлігінің қызметін тоқтатып тастауға келіседі. Отадан кейін оның қимыл-қозғалысы тежеледі. Отаның жасалғанына алты жыл өтсе де, ол аяқ киімінің бауын байлай алмайды. Бірақ Льюис оқи алады және оның көзі жақсы көреді. Аарон және Льюис кездескен кезде екеуінің ұқсастықтары көп екеніне таң қалады.

«Ол банканың қақпағын тура мен сияқты ашады», - деді Льюис.
30 қаңтар 2018 ж. 1 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031