» » Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды

Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды

Аустралия тұрғыны өзіне қарай бағытталған садақтың оғын смартфон арқылы тоқтатып, аман қалды.

ÐÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼ өзÑне аÑÑлÒан оÒÑÑ Ò±ÑÐ»Ñ ÑелеÑонÑмен ÑоÒÑаÑÑп, аман ÒалдÑ
Бұл туралы New South Wales Police Force басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға 13 наурызда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған. 43 жастағы ер адам көліктен түсіп бара жатқан кезінде танысының садақпен қаруланғанын көріпті. Ол бірден ұялы телефонын алып, қаскөйді суретке түсіріп алмақ болған. Осы кезде 39 жастағы танысы оған садақтан оқ атыпты. Абырой болғанда садақтың оғы ер адамның телефонына тиіп, тесіп өтіпті. Сондай-ақ, оқ аустралиялықтың иегін аздап қана жанап өткен. 

Артынша оқиға орнына жеткен полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 15 сәуірде сот алдында жауап береді.

Stan.kz

14 наурыз 2019 ж. 800 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30