» » Ата-анасы перзентханадан қайтар жолда сәбиін таксиде ұмытып кетті

Ата-анасы перзентханадан қайтар жолда сәбиін таксиде ұмытып кетті

Сәбилері естеріне түскенде тым кеш болған, олар таксиді қуып жете алмады.
ÐÑа-анаÑÑ Ð¿ÐµÑзенÑÑанадан ÒайÑÐ°Ñ Ð¶Ð¾Ð»Ð´Ð° ÑÓбиÑн ÑакÑиде ұмÑÑÑп кеÑÑÑ


ERNUR.KZ. Германияның Гамбург қаласында ата-анасы таксиде ұмытып кеткен сәби отбасына қайтарылды, деп жазады Stan.kz.

Ерлі-зайыпты жаңа туған нәрестелерін перзентханадан шығаруға үлкен балаларын ертіп алған. Содан сәбиді алып, таксиге отырған. Такси жүргізушісі оларды тиісті мекен-жайына жеткізген кезде, жас ата-ана жол ақысын төлеп, жүргізушімен қоштасып, шығып кеткен. Бірақ, бірнеше минуттан кейін ерлі-зайыпты көлік ішінде жаңа туған нәрестелерін ұмытып кеткендерін байқайды. Аласұра жүгірген әке таксиді тоқтатуға тырысып, көліктің артынан жүгіре жөнеледі. Бірақ, өздерін жеткізіп салған таксиді қуып жете алмады.

Ал, жүргізуші ата-анасы артқы орындықта қалдырып кеткен баланы байқамай, ары қалай тапсырыс орындап жүре берген. Ол уақытта ұйықтап жатқан сәбиді ешкім байқамаған. Жүргізуші түскі үзіліс кезінде тамақтануға шыққанда, баланы көлікте кездейсоқ қалдырып кетеді. Сонда көлік салонындағы баланы жолаушылар байқап қалған. Жүргізуші көлігінен жаңа туған сәбиді көргенде дереу полиция шақырды. Содан баланы тексеру үшін ауруханаға алып кетті. Ары қарай сәбидің ата-анасы анықталып, бала аман-есен әке-шешесіне қайтарылды.


ERNUR.KZ
22 мамыр 2019 ж. 1 404 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930