Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны бес жылда алғаш рет төмендеді Қаңтар, ақпан айындағы тұрғын үй құрылысы көрсеткіштері былтырғы екі аймен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Ұлттық Банк Президент бастамасымен жүзеге асырылатын жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша баяулап тұрған құрылыс қарқынын арттырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл қаңтар, ақпан айында 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,6 пайызға аз.Құрылыс қарқынының баяулап қалуы жекеменшік құрылыс компанияларында көп байқалады. Олардың көрсеткіші бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,3 пайызға аз, ал мемлекеттік компаниялар керісінше құрылыс қарқынын баяулатқан жоқ. Олардың көрсеткіші былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,6 пайызға жоғары. Сондай-ақ, шетелдік үй салушылар да жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр, олардың биылғы көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайған.Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жаңа бағдарлама құрылыс қарқынын айтарлықтай ұлғайтуы мүмкін. Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Әбішұлы «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды. Бұл бағдарлама бойынша ипотеканың жылдық пайызы – 7 пайыз болса, бастапқы салым – 20 пайыздан басталады, ал ипотекаға беру мерзімі – 25 жыл.Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша үй салушылар қалаларда 8,8 млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа берген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14 пайызға артық.baq.kz Экономика 28 наурыз 2018 ж. 818 2
Пікір 2