» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АГРОӨНІМ ЭКСПОРТЫ 5 ЕСЕГЕ АРТПАҚ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АГРОӨНІМ ЭКСПОРТЫ 5 ЕСЕГЕ АРТПАҚ


Қызылорда облысы алдағы 3 жылда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 есеге арттырмақ.

  Оның ішінде ет өндіруді 13 мың тоннаға, ал сүтті 68 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Межелі жоспарды жүйелі жүзеге асыру жолдары IV облыстық малшылар слётінде талқыланды. Аймақта қабылданған арнайы «Агрокарта» аясында облыс тарихында алғаш рет ауылшаруашылығы өнімдерін тарату нарығына меркетингтік зерттеулер жүргізілді. Қазір Иран, Қытай, Моңғолия, Еуропа, Ресей елдері Қазақстанда шығарылатын табиғи өнімдерге үлкен қызығушылық танытып, агросекторға инвестиция салуға дайын.
  Сыр өңірінде соңғы 5 жылда ет өндіру 2,7 пайызға, сүт өндіру 1,6 пайызға артып отыр. Осы уақыт аралығында облыста 23 мың бас мүйізді ірі қараны бордақылайтын алаң салынған. Осы ретте жем-шөп қорының жеткіліксіздігі, мал басының жеке сектордағы үлесінің басым болуы, жергілікті мал өнімділігінің төменділігі секілді мәселелер туындап отыр. Бұл ретте шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру мен оларды ауылшаруашылығы кооперативіне біріктіру жөнінде ұсыныстар айтылды. Ол, бір жағынан, ауылшаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, екінші жағынан, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиімді мүмкіндік береді.
Ермек Әбуов, ҚР АШМ басқарма басшысы:
  – 2011 жылы жұртшылық шаруашылықтарда мал басы 80%-ға жететін болса, қазір 60%-ға төмен түсіп отыр. Жұртшылық шаруашылықтардағы малдың құнарлылығы әлдеқайда төмен. Одан алынатын сүт, ет болсын көрсеткіштері агроқұрылымдарға қарағанда өте төмен. Былтырғы көрсеткіш бойынша ауылшаруашылығы өнеркәсібінде 1 сиырдан сауылатын сүт көлемі 4 мың кг асып түссе, жұртшылық шаруашылықтарда 2 есе төмен болып отыр.
  Слёт аясында жергілікті тауар өндірушілер өнімдері, ветеринарлық техника мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту және төрт түліктің жүні мен терісін терең өңдеу бойынша келісімдер жасалды.
 Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары:
  – Осы малдың көбінесе ет пен сүтін өңдеп шығатын едік. Ал тері мен жүні пайдаға аспай жататын еді. Осы бүгінгі 4-ші слет аясында Атыраудағы біздің әріптестерімізбен жүн өңдеутін мамандары қатысып, біздің Қызылорда облысының қойдың жүнін де, түйенің жүнін де сатып алатын болды. Келіп өзі осының басынан сатып алатын болды. Бұл да үлкен жетістік. Болашақта өзіміз де жүнді өңдейтіндей жағдайға жететін боламыз.
Мұқан Мақсұт, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
 – Фабрикамыз 100 тонна түйе жүнін, 350 тонна қой жүнін өңдеуге арналған. Біз осы жерден жұмыс жасайтын кәсіпорын ашып, өзіміз ұйымдастырып, өзіміз аламыз жергілікті әкімшілікпен байланысу арқылы. Бұл халыққа да, бізге де жақсы. Осы кезге дейін жүн шыны керек далада қалып жатты. Бізге соны кәдеге асыру керек.
  Қаратау бөктерінде өткен дәстүрлі шарада аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлеріне ауылшаруашылығы министрлігінің медальдары, құрмет грамоталары және облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар берілді. Жыл сайынғы облыстық шараға өзге өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, аймақ басшылығы келесі жылы малшылар слётін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.

24.kz
16 мамыр 2018 ж. 693 1

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 01:46
Cytotec Livraison Rapide priligy y el alcohol Zithromax Herpes Non Generic Viagra Online

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930