Өңір дамуы өрлеу үстінде
Аптаның сәрсенбіде «Qyzylorda» телеарнасында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы өтті. Тікелей эфирдегі бағдарлама аясында өңір дамуындағы оң өзгерістер, алдағы міндеттер айтылды.
2013-2017 жылдар аралығында 50 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске қосылып, өңір экономикасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылған. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 65%-ке артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың өзінде 10,8%-ке көбейді. Аймақ басшысы осы орайда мұнай мен уран қорының азаю тенденциясы экономиканы әртараптандыруға жол ашқанын атап өтті.
– Нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құру мүмкін болды. Сыр өңірін аграрлық аймақтан индустриялық аймаққа айналдырудың алғышарты жасалды, – деді облыс әкімі.
Демографиялық көрсеткіште өсу қарқыны байқалады. Соңғы бес жылда қызылордалықтардың саны 55 мыңнан астам адамға көбейген. Сәйкесінше баспана мәселесі де байыппен шешіліп келеді. Сөзіміздің дәлелі, үйлері құлау алдында тұрған 645 отбасы жаңа пәтерлерге көшіп, 2017 жылы апатты үй мәселесі шешімін тапты. Есепті кезеңде 2 млн-нан астам шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, Қызылорда қаласында 14 жаңа шағын аудан бой көтерді. Бүгінде жергілікті 18 құрылыс компаниясы Сырдарияның сол жағалауын игеруге атсалысып, өз қаражаттары есебінен үйлер салып жатыр. Осының бәрі – туған жерге деген сүйіспеншілік, халқымыздың ауызбірлігі мен биік рухының көрінісі.
Аймақта жағдайы сын көтермейтін әлеуметтік объектілер бойынша атқарылған жұмыс ауқымы кең. 2013-2017 жылдар аралығында 57 денсаулық сақтау объектісінің 49-ы қайта салынса, қалғанының құрылысы келесі жылдың алғашқы жартысына дейін аяқталмақ. Апатты жағдайдағы 37 мектептің оқушылары бүгінде жаңа, жылы әрі жарық орындарда оқып жүр. Білім саласындағы мақтанарлық жаңалық бұл ғана емес. Қызылорда – 452 түлектің Ресей Үкіметі есебінен осы елдегі мәртебелі жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік жасаған бірден-бір облыс. Одан бөлек, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті биылдан бастап магистратураға жыл сайын 20 грант бөлетін болды. Жылына 20 адамды Татарстанның Иннополис университетінде оқыту жөнінде келісім жасалды.
Аймақ басшысы сұхбат барысында 2018 жылдың еншісіндегі ең ірі жобалар туралы айтып берді. Жоспарға сәйкес биыл шыны, тампонажды цемент, балық зауыттары, үш окись молибден, пластикалық қайық өндірістері іске қосылады. Ал құс фабрикасы, ет комбинаты, күн электр станциясы, кальцийлендірілген сода зауыты және тағы басқа бірқатар өндіріс орнының құрылысын бастау көзделіп отыр.
Еске салсақ, облыс әкімінің қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы тура бір жыл бұрын жарыққа шыққан болатын. Тікелей эфирге дейін және бағдарлама барысында барлығы 360-қа жуық сұрақ түсті. Барлығына жауап беріліп, көбі оң шешімін тапты. Бұл жолы да екі сағатқа жуық уақытқа созылған сұхбат барысында тұрғындар облыс әкіміне барлығы 261 сұрақ жолдады. Оның 167-сі – онлайн режимде, 94-і Call орталығы арқылы қабылданды.
«жж» ақпарат.