ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ОАЗИСТІК СУАРУ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛЫҚ «ЖАСЫЛ» ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Бұл жоба су және энергиямен қамту шығындарын 29 млн.теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық жобасын таныстыру және іске қосу ресми салтанаты өтті. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі / БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура мырза, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдің Сенімді өкілі Золтан Салаи мырза және Германияның Қазақстандағы Елшілігінің Сенімді өкілі Джонатан Вайнберг мырза қатысты. Бұл жоба ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК «Жасыл экономика моделіне өту үшін Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жобасы шеңберінде іске асырылады. Еуропалық Одақ тарапынан толық қаржыландырылатын, құны 7,1 миллион еуроны құрайтын бұл жоба заманауи жасыл технологияларды қолдану сортаңданған жерлерді ауылшаруашылық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 9 озық «жасыл» технологияны қолдану «Манақ баба» фермерлік қожалығын таза су мен электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашады.Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы уақытта жаһанды күтіп тұрған 5 сын-тегеуріндердің базалық ресурстардың, оның ішінде ауыз су мен суармалы судың тапшылығына баса назар аударғанын атап өтті.«Су ресурстарын пайдалануда біз су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстарды атқарудамыз. Мысалы соңғы үш жылда Сырдария өзенінде екі үрлемелі су тоспасы салынды. Нәтижесінде су аз жылдардың өзінде, жалпы аумағы 60 мың. гектардан асатын Жаңақорған және Шиелі аудандарының егіс алқабын тұрақты суландыруға және 1,5 млрд. текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік алдық. Бұдан бөлек 2018 жылдан бастап 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймаларын салуды жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту арқасында суды 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік алатын боламыз. Ал оазистік суару технологиясын енгізу мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытып, жаңа кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.Өз кезегінде, Норимаса Шимомура жаңа технологияларды және тәсілдерді енгізу әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің әлеуетін арттырудың көрнекі мысалы болып табылатынын атап өтті.«Біз Қазақстанды болашақ дамуда өте маңызды стратегиялық серіктес деп санаймыз және соны мойындаймыз. Өңірлердегі жұмыс біздің стратегиямыздың басты элементі болып табылады. Біздің жоспарымыз - өңірлермен, соның ішінде Қызылорда облысымен әртүрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеу. ЕО қаржылық қолдауымен іске асырылған бұл жоба жасыл экономика саласындағы жұмыстарды іске асырудың табысты мысалы болып табылады», - деді Золтан Салаи.Жоба шеңберінде күн сәулелік және жел электрстанциясынан тұратын, күн сәулесін және жел массаларының қозғалысын электр энергиясына түрлендліретін гибридті құрылғы орнатылды. Бұдан кейін алынған энергия тұрмыстық тұтынуға және фермерлік қажеттіліктерге пайдаланылады. Арнайы сорғыш шаруа қожалығының аумағында орналасқан ұңғымадан суды үлкен көлемді ыдысқа, тәуліктік реттеу бассейніне тартады.Бассейннен су тармақтың көмегімен шаруа қожалығы бойынша су құбырларымен біркелкі үлестіріледі. Осмотикалық құрылғымен қайта тазартылатын су ауыз сумен қамтамасыз ету, малға су беру, сондай-ақ плантацияларды суару үшін пайдаланылады.Жобаның нәтижесінде шамамен 5 га сортаңданған жер қалпына келтірілді, оның ішінде 3 га – алма бағы, ал қалған бөлігі көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Бизнестің осындай түрінің табыстылығы 7% құрайды, бұл кезекте, өтелімділік мерзімі 5 жылды құрайды. Осындай шағын ауыл шаруашылық бизнесті Сыр өңірінде жасыл технологияларды пайдаланумен дамыту су және энергия тұтынуға жұмсалатын шығыстарды 29 млн. теңгеге дейін үнемдеуді қамтамасыз ете алады.Жобаның арқасында қаражатты үнемдеумен қатар, ауаға шығарылатын СО2 зиянды заттарды төмендету жылына 300 тоннаға дейін жетеді. Жалпы алғанда, 37 мыңға жуық адам жобадан пайда алады.http://www.syrboyi.kz Экономика 07 маусым 2018 ж. 718 1
Пікір 1