Иелігінде 1,1 трлн доллардан аса қаражаты бар әлемдегі ең бай отбасылар
Әлемдегі ең бай отбасылар тізімі жарияланды. Бұл әлемді ақшамен билеп отырған ауқаттылардың тізіміне тек байлығы мұрагерлікпен берілген жанұялар ғана кіреді.
Бұл орайда Bloomberg басылымы байлығы 1,1 трлн доллардан асатын әлемдегі ең бай 25 отбасының тізімін жасады, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
Әлемдегі ең бай отбасылар рейтінгінде Уолтондар отбасы көш бастап тұр.Walmart супермаркет желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның ұрпақтарының иелігінде 151,5 миллиард доллар бар. Ол бір отбасы үшін өте көп сома болып табылады. Себебі, біздің заманның ең ауқатты 25 отбасының жиынтық активтері 1,1 трлн долларды құрайды.
Уолтондар отбасының жағдайы жыл басында болған құлдыраудан кейін, тіпті компанияның үлесі бір күннің ішінде 14 пайызға төмендесе де өзгермеді. Отбасының жағдайы 18 миллиард долларға азайған, бірақ бұл көрсеткіш олардың ең бай отбасы тізімінен алып тастай алмайды.
Сондай-ақ, әлемдегі ең бай отбасылар тізімінде «Koç Industies» мұнай-химия корпорациясының негізін қалаушы және бірлескен иелері, ағайынды Дэвид және Чарльз Кочи екінші орында тұр. Олардың иелігі 98,7 миллиард долларды құрайды. Бірақ, маусым айының басында 78 жастағы Дэвид Кох денсаулығына байланысты компанияның директорлар кеңесі тарапынан демалысқа кететіндігін хабарлады.
Ал, Mars шоколад және басқа да өнімдерді шығаратын компанияның негізін қалаушы Фрэнк Марстың отбасы үздік үштікті бекітеді. Олардың жағдайы 89,7 миллиард долларға бағаланған.
Сондай-ақ, үздік ондыққа Anheuser-Busch InBev сыра жасау компаниясының иелері, Hermes сән брендінің негізін қалаушы Тьерри Эрменің ұрпақтары, Chanel брендінің қожайындары ағайынды Ален мен Джерард Вертхаймер, Reliance Industries өнеркәсіптік тобының иелері, BMW маркасы тиесілі Кванттар отбасы, Cargill Inc корпорациясының және Boehringer Ingelheim неміс фармацевтикалық компаниясының иелері кіреді.
http://stan.kz

Пікір 2