» » Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозитіне сұраныс артып келеді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозитіне сұраныс артып келеді

Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардың атына ашылған шоттар үлесі басым. Барлығы 80 000 депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 000 депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр. Үшінші орын банктің ең кішкентай клиенттері – 1 жасқа дейінгі балалардың еншісінде. Олардың атына барлығы 10 000 депозит ашылған.



- Жыл сайын мұндай депозиттер күзде, балалар мектепке барғанда кезде ең жиі ашылады. Дәл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарының өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардың болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Ай сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитке аз-аздан ақша салып отырады.
Отбасылық бюджетке бұл аса қатты әсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласының шотында 10,3 млн теңгенің басын құраған және ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банк те депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын және банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр.

Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. 18 жасқа толған барлық банк салымшылары тағы бір тиімді ұсынысқа қол жеткізеді, атап айтқанда жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займынан үміткер бола алады.

Депозитті баланың атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеңесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананың бірінің жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі қажет. 14 жасқа дейін баланың атына депозитті ата-ана ресімдейді. 14 жастан бастап шотты баланың өзі ашады, тек әкесінің немесе анасының келісімі қажет.

egemen.kz


03 қыркүйек 2018 ж. 957 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 13:07
Effetti Kamagra Order Viagra From Canada viagra Cialis Acheter Online Priligy Deutschland Kaufen

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 07:55
Synthroid 50 Mcg Canadian Pharmacy Cheapest Place To Buy Tadalis Sx Vente Kamagra 150 Mg viagra Mexican Amoxil Original Cialis Generika Cialis E Fecondazione Assistita