Қазақстанда әуе билеттері арзандамақ
Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, келер жылдан бастап елімізде әуе билеттері арзандайды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында айтылды.Депутаттар әуе билеттерінің қымбаттығы туризм саласының дамуына кері әсер ететінін айтты. Осы себепті Қазақстанда әуе билеттерін арзандатуы мүмкін.
Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев әуе парктерін отандық авиакеросинмен қамту жоспарға алынғанынатап өтті.
«Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен де, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен бірлесе біздің ұшақтар паркі үшін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету бөлігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылы толықтай отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оңтайлы нәтиже байқалады», – Тимур Тоқтабаев.
Stan.kz