Елде 16 шағын әуежай салынады Үкімет отырысынан соң өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек: «Жергілікті авиацияны дамыту мақсатында елімізде 16 аэродром салынады. Былтырдың өзінде Үржар, Үшарал секілді шағын қалаларда кіші әуежайлар ашыла бастады. Бұл жұмысты біз әрі қарай жалғастырамыз. Жергілікті авиацияны қолдау үшін субсидия беріп отырмыз. Былтыр Астана мен Алматыдан Үржарға субсидия берілсе, биыл Үшаралға берілмек.Алдағы екі-үш жылдың ішінде басқа да әуежайлар салынады. Ішкі рейстерді орындау үшін Алматы әкімдігімен бірлесіп «Жетісу» әуе компаниясы базасында жаңа тасымалдаушы құрылады. Болашақта бұл әуе компаниясы үшін аймақтық санаттағы 20 ұшақ сатып алынбақ. 2017 жылдың басынан бері шетелдік және жергілікті әуе компаниялары Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Пекинге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минералды суларға, Сианьға 10 жаңа халықаралық әуе бағытын ашты.2018 жылы Қазақстанның әуе компаниялары Астанадан Түменге, Краснодарға, Вильнюсқа, Томскіге, Челябіге, Сочиге, Батумиге, Душанбеге рейстер ашуды жоспарлап отыр. Шетелдің әуе компаниялары (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига – Алматы, Дубай – Алматы, Дубай – Ақтау, Краснояр – Алматы, Мәскеу – Қызылорда рейстерін ашуды көздейді»,— деген деректерді алға тартты.http://elana.kz/ Экономика 29 қаңтар 2018 ж. 801 0