» » МҚІА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БОЙЫНША ЖЫЛЖУЫН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАЙТЫН БОЛАДЫ

МҚІА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БОЙЫНША ЖЫЛЖУЫН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАЙТЫН БОЛАДЫ



Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігінің төмендігін көрсетеді.
МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебінің бірі - адамдардың осы байқаулардағы іріктеудің әділдігіне сенімсіздігінен туындап отырғандығын атап өтті.
«Жеткілікті құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмауда. Жергілікті жерлердегі ахуалға, егжей-тегжейлі талдау жасауды және аталған тәжірибені жою бойынша пәрменді қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтындығын көруі керек», - деді ол.
Осы мәселені шешу ретінде «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерін «қадағалауға» және заңсыз кадрлық шешімдер қабылдауы, біліктілік талаптары, командалық жылжулармен манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік бермеуі тиіс.
Анар Жаилғанова барлық жеке құрамға меритократия қағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі екендігін еске салды.
24 шілде 2019 ж. 379 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031