МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ –МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНАСЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимов өткен жылы салада атқарылған жұмыстарды саралады.
Оның айтуынша, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3691 бірлікті құраса, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3611 адам. Яғни, бүгінгі күнге 80 бос орын бар. Былтыр жергілікті атқарушы органдардан 48 қызметші кеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін – 15, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін -2 қызметкер жұмысынан кеткен.
– Мемлекеттік қызметке кіру тестілеуіне 2703 адам қатысып, 1000 үміткер шекті мәннен жоғары нәтиже көрсетті. Құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтардың тестілеуіне 1717 адам қатысып, 828-і тестілеуден өтті. Былтыр мемлекеттік органдарда 1216 бос лауазымға орналасуға конкурс өтті. Нәтижесінде 777 үміткер қабылданды,– деп атап өтті департамент басшысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша департамент тарапынан 74 тексеру жүргізіліп, 5670 заң бұзушылық анықталыпты. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 130 мемлекеттік орган мен мекемеде «Жасырын сатып алушы» тәсілімен 174 мәрте қоғамдық бақылау шарасы жүргізіліп, 123 бұзушылық белгілі болған.
Былтыр, сондай-ақ, әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 68 мәселе қаралған.
Департамент ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы талабына орай жұмыс тәртібінің сақталуын бақылау шараларын жүргізіп келеді. Осыған орай облыс әкімдігіне қарасты 17 басқармада жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру бағдарламалары орнатылды.
– СКУД жүйесі арқылы қызметшілердің жұмыстан қайту уақыттарына талдау нәтижесінде облыстық мекемелер үйінде қазан айында мемлекеттік қызметшілер 240 сағат 14 минут, ал қарашада 156 сағат 45 минут, желтоқсанда 53 сағат 30 минут кідіргені анықталды. Бұл көрсеткіш қыркүйек айында 791 сағат болған. Яғни, профилактикалық шаралар нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан кейін кеңседе қалу фактілері азайып жатқанын байқауға болады, – деді А. Мұхимов.
Есепті кезеңде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс баптары бойынша 46 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 2 167342 теңге өндірілген.
Айнұр Батталова.