» » Донорлықтан бас тарту жүйесі өзгеретін болады

Донорлықтан бас тарту жүйесі өзгеретін болады

Донорлықтан бас тарту жүйесі өзгеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасап.


Өлім алдында донорлықтан бас тарту туралы қазақстандықтардың электронды денсаулық картасына жазылатын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі отырыстан кейін хабардар етті.

"Қазіргі таңда біз электронды денсаулық паспортына осындай графиканы енгізіп жатырмыз. Ауруханаға  тіркелген кезде сіздерден келісім бересіз бе, жоқ па деп сұрайды. Егер келісім бермесеңіз электронды паспортыңызда донорлықтан бас тартты деп жазылатын болады. Жақын арада ғана паспортты таныстырған болатынбыз. Электронды құжатты жылдың соңына дейін іске қоспақпыз", - дейді Ержан Біртанов.

Министр жаңа жүйені енгізудегі қиындықтарды да түсіндіріп, оны шешудің жолдарын қарастырып жатқанын айтты. Ержан Біртановтың сөзінше электронды тіркелудің бірнеше нұсқалары қарастырылу үстінде.

"Бірақ адамдар өздері ауруханаға келіп, шешімдерін тіркеуі шарт. Өткені бізге бәрібір бас тартқаны туралы қағаз жүзіндегі дәлел қажет. Немесе ЭЦП арқылы тіркеуге де болады. Қазір бұл сұрақ қарастырылуда. Алайда, туысқандарға қатысты да шешілмеген сұрақтар туады. Біз өзіміздің менталитетіміз тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл дұрыс емес", - дейді министр.








29 шілде 2019 ж. 405 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930