БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ
Елбасы 5 жылда 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылығы мен шағын фермерді кооперативтерге біріктіруге жағдай жасау қажеттігін айтқан еді. Расында осы бағытта атқарылатын жұмыстар аграрлық сектордың әлеуетін арттыруға тың серпін береді. Жалпы ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерін ірілендіру мәселесіне ерекше мән беріліп келді. Бұл – құптарлық бастама. Себебі, ірі шаруашылыққа инвестиция тарту және жаңа технологиялармен қамтамасыз ету тиімді болып отыр. Шағын шаруашылықтарды кооперативке біріктіруде мұнан бөлек мал басын асылдандыру жұмыстарымен қатар өнімдерді өткізу мәселесін де жолға қоюға болады.
Жалағаш ауданы да аграрлық аймақ болғандықтан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық берілуде. Өңірде аталған саланың ілгерілеуіне жергілікті шаруашылықтардан құралған кооперативтердің де қосқан үлесі зор. Былтыр 13 896 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Яғни, бұл салада өндірілген өнім көлемін 2016 жылмен салыстырсақ 4,4 пайызға артқан. Диқандарымыз Сырдың басты дақылына айналған күріштен 124 286 тонна өнімге қол жеткізді. Жергілікті кооперативтер тек егін саласындағы толайым табыспен шектелмей, мал басын асылдандыру бағытында да қыруар шаруаны қолға алуда. Мал басын арттыруда шаруашылық иелері көбіне мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы өз ісін өрістетуде. Нәтижесінде, ет өндіру 2,6 пайызға, сүт өндіру 1,5 пайызға артты. Жалағаштағы 77 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысса, оның 64-і «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы кәсібін жандандыруда. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 6 шаруашылық 29,5 млн теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық 27,5 млн теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «Қазақтың ақбас сиыры асыл тұқымды» шаруашылық статусын алды.
Жалпы бұл салада жергілікті шаруашылықтардың жетістігі аз емес. Бұл – шаруашылық иелерінің мемлекеттік бағдарламаны қалай тиімді пайдалану қажеттігін жете түсінгенінің айғағы. Ауданда 146 шаруашылықтың бірігуімен 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Бүгінде олардың бірқатары мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп үлгерді. Аймақтағы «Табыс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Елу ел» бағдарламасы аясында алынған несиеге 309 бас ірі қара сатып алып бордақылауда. Аталған кооператив 2016 жылы 54 бас іріқара бордақылап, 7,5 тонна өнімге қол жеткізген еді. «Нұрқадам-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 25 млн теңге несиеге құжаттар әзірлеген болатын. Бұйыртса биыл кооператив иесі сүт қабылдау, мал сою пункттерін және құрал жабдықтарын сатып алуды жоспарлауда.
Жалпы, жеке ұсақ шаруашылықтарға қарағанда іріленген шаруашылықтың беретін пайдасы мол екенін жақсы білеміз. Бұл сөзімізді шетелдік тәжірибелер де қуаттайды. Мәселен, АҚШ-та ірі шаруашылықтардың саны мұндағы ауыл шаруашылығы субъектілерінің 8 пайызын ғана құрайды. Бірақ, олар ауыл шаруашылығынан алынатын өнімдердің 80 пайызын беріп отыр. Мұндай мысалдарды нарық заңы бойынша жұмыс істейтін батыстың басқа да елдерінен байқаймыз. Мемлекет осындай тәжірибелерге сүйене отырып, ұсақ шаруашылықтарды жекеменшік негізде қайтадан ірілендіру мәселесін қолға алуда. Жалпы егін шаруашылығы саласында бұл саясат өз жемісін берді деп толық айтуға негіз бар. Себебі, еліміз миллиард пұт астық өндіретін ел ретіндегі бұрынғы атақ-абыройын сақтап қалумен шектелмей, әлемдегі 10 астық державасы арасынан өз орнын тапты. Ал, мал шаруашылығы саласында бұл саясат өз жемісін берді деп толықтай айту қисынсыз. Себебі, бұл саладағы ірі құрылымдар мемлекеттің қаржылай қолдауымен қамтамасыз етілгенмен ұсақ шаруашылықтардың нарықтағы орнын баса алмады. Елімізде еттің 80 пайызын, сүттің 90 пайыздан астамын өндіретін үй шаруашылықтары мен ұсақ шаруа қожалықтар осы уақытқа дейін мемлекеттің ірі шаруашылықтарға жасап келген қамқорлығынан тысқары қалған еді. Ал дамыған шет мемлекеттерде жағдай мүлде басқа. Олар ұсақ шаруашылықтарды қолдауды назардан тыс қалдырған жоқ. Ауыл шаруашылығы экспорты жөнінен әлемде алдыңғы орындардың бірін иеленіп отырған Канаданы алсақ, бұл елде шағын және орта шаруашылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 12 пайызын ғана өндіреді. Алайда, олар мемлекет ұсынған көмектің 25 пайызын алып келеді.
Еліміздегі осы бір осал тұс Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» толық айтылды. Онда ұсақ шаруашылықтарды, соның ішінде үй шаруашылықтарын мемлекеттік қолдаудың дүниежүзілік озық тәжірибелерге тән жолдары белгіленді. Ол жол – ауыл шаруашылығын кооперативтендіру. Мәселен, кем дегенде 20 үй шаруашылығы бас қосқан өңірде олардың кооперативі ұйымдастырылатын болады. Бұл кооперативтерден бірінші кезекте сүт өнімдерін жинаудың, содан кейін ет өнімдерін жинаудың тиісті схемалары әзірленді. Кооператив қасынан сүт қабылдау пункті ашылып, ол тиісті технологиялық құралдармен және сүтті тасымалдайтын көлік түрімен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда сүттің сапасын және көлемін анықтайтын құралдар болады. Сүт жинайтын адам белгіленеді және кооператив басшысы сайланады. Бұл үдерістердің бәрі ауыл адамдарының қолдауымен ерікті түрде жүргізіледі. Кооперативке біріккендерге тиісті субсидиялар беріледі. Міне, осындай мәселелерге мемлекет тарапынан 50 миллиард теңге бөлінуде. Мал шаруашылығындағы кооперативтендіру жұмыстары 2016 жылы басталған еді.
Дамыған экономика кооперативтердің құрылуын талап ететіні белгілі. Кооперативтер 150 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан Германияда әрбір төртінші адам жоқ дегенде бір кооперативтің мүшесі болып табылады. Ал бұл елде кооперативтердің сан түрі кездеседі. Олар бір кәсіп саласында бас қосуды еңбекті жеңілдетудің құралы санайды. Осындай дамыған елдерде өз жемісін берген ұтымды жобаларды неге біз де жүзеге асырмасқа деген сауал туындайды. Бұл ретте шағын шаруашылықтарға артылар міндет біреу ғана. Ол – кооперативке бірігу. Себебі, мемлекет бағдарламаны жасап қана қоймай қыруар қаржыны да бөліп отыр. Тіпті бағдарламада кооперативке біріккен шаруашылықтарға берілетін субсидияның да мол екені айтылған. Жалпы осы бағытта ауданда жергілікті шаруашылықтардың атқарып жатқан жұмыстары жаман емес. Бүгінге дейін Жалағашта құрылған кооперативтер саны қаншама. Әлі де осы бағыттағы жұмыстар жүзеге асса аргарлық аймақтың әлеуеті артумен қатар, өңір экономикасында да тұрақты өсім қалыптасары сөзсіз.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ.
Пікір 2