» » ШҚО-да жазда алған көмірлер өздігінен тұтанып жатыр

ШҚО-да жазда алған көмірлер өздігінен тұтанып жатыр


Көмір сатып алар кезде сатушыдан сапа сертификатын талап ету қажет.

ШÒÐ-да жазда алÒан көмÑÑÐ»ÐµÑ Ó©Ð·Ð´ÑгÑнен ÑÒ±ÑанÑп жаÑÑÑ

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бір аптаның ішінде 7 үйде көмір өздігінен тұтанған, деп жазады ҚазАқпарат.

«7 жағдайдың алтауында өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. Ал Блеоусовка кентінде көмір қоймасы мен монша, электр бағаны отқа оранды. Зардап шегушілер Майкүбінің қоңыр көмірін маусым басында сатып алғандарын айтып отыр», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, көмір өздігінен тұтану үшін біршама уақыт бойы үздіксіз тотығуы қажет. Тотыққан көмірдің температурасы артып, соның салдарынан тұтанады. «Бұл көмірді дұрыстап өндірмеуден немесе дұрыс сақтамаудан болатын құбылыс. Көмір сатып алар кезде сатушыдан сапа сертификатын талап ету қажет. Көмірді қоймаға түсірер кезде астына қатты төсеніш тастау керек. Қоймадағы температураны бақылап отырған абзал», - делінген департаменттің ақпаратында.



ernur.kz
14 тамыз 2019 ж. 430 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930