» » Көмір мәселесі қатаң бақылауымызда - Жеңіс Қасымбек

Көмір мәселесі қатаң бақылауымызда - Жеңіс Қасымбек



Ағымдағы жылы көмір тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше ғана Үкіметте селекторлық жиын өткіздік. Біз бүкіл өңірлердегі энергетикалық және халыққа арналған көмірді қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі уақытта баға тұрақты, өндірілген көмір көлемі былтырғыдан көп, вагондар да жеткілікті», -деді министр.
Осы ретте ол өткен аптада елордада көмір тапшылығы орын алды деген ақпараттың тарағандығына тоқталды.
«Өткен аптада Астанада тараған ақпарат теріс болып шықты. Қоймаларды көмір жоқ деген әңгіме болған. Кеше елорда әкімінің орынбасары көмірдің жоспарланған шекте жеткілікті екендігін ресми қуаттады. Проблема жоқ. Біз барлығымен, Шұбаркөл, Қаражыра және өзге де жер қойнауын пайдаланушылармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстап отырмыз. Қажет болса, күнделікті өндірілген, тасымалданған, дайындалған көмір көлемі туралы ақпаратты бере аламыз», - деді ол.
Жеңіс Қасымбек көмір бағасы өңірлерде  тоннасына 14-18 мың теңгеге сатылып жатқанын, ал Алматыда 30 мыңға жетті деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын да атап өтті.
18 қыркүйек 2018 ж. 930 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031