» » Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

ÐÑлÑм миниÑÑÑÑ: ÓлÑппенÑÒ£ ÐайÑÒ±ÑÑÑнов ÓзÑÑлеген үлгÑÑÑн ÒайÑаÑамÑз â баÑÒаÑÑнÑÒ£ кеÑÐµÐ³Ñ Ð¶Ð¾ÒБілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көтеріп жүр. Бұл – өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады. Біз қазіргі уақытта осы жұмысты жүргізіп жатырмыз», – деді ол Тамыз конференциясында. Министр өз сөзінде «Әліппенің» бірнеше нұсқасын қарастырылғанын тілге тиек етті. «Оларда ешқандай логика жоқ. Баспалардың бірі 11 дауыссыз, 11 дауысты әрпі бар нұсқасын алып келіпті. Неліктен, мүмкін басқаша бір әдістеме бар шығар деп сұрай бастасаң – ешкім де түсінікті түрде жауап бере алмайды. Әліппе – тәжірибе жасайтын алаң емес. Бізде баяғыдан – нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол – Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан, ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеменің негізінде жұмыс жүргізетін боламыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

24.kz
18 тамыз 2019 ж. 686 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930