» » Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасының мәні

Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасының мәні

Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды шарты іргетасы патриотизмнен бастау алатын жеке ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау екенін ерекше атап өтті.

Құндылықтар және адамгершілік бағдар ұштасқанда ғана патриотизм ұлттық идеяны қалыптастырады. Осы орайда патриотизм мемлекеттік ұлттық стратегияның бір бөлігі ретінде қаралып, оның бір негізі өзінің кіші Отанына, туған жеріне деген махаббатын айшықтайды

«Туған жер» бағдарламасының басты мақсаты – қазақстандықтардың бойында Отан алдындағы перзенттік парызын түсінетін, өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.

«Туған жер» бағдарламасы айқындалған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған 4 кіші бағдарламадан тұрады.

  1. «Тәрбие және білім», бұл – қазақстандық патриотизм үлгісінде жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу;
  2. «Атамекен», бұл – қазақстандықтардың кіші Отаны алдындағы жауапкершілігін күшейте отырып, олардың азаматтық белсенділігін арттыру;
  3. «Рухани Қазына», бұл – туған аймақтың тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, құрметтеуге баулу;
  4.  «Ақпарат толқыны», бұл – Бағдарлама туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың жүзеге асырылып жатқан жобаларды қоғамдық бақылау жасауы үшін ақпараттық инфрақұрылым жасақтау;
          «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшеміне шектеу болмайды. Ол шексіз, осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Тұңғыш президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.
         Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді.


         «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».


         «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуліктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керсінше, ынталандыру керек».


         «Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап – құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
        
         Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

         Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз.

Ерғалиев Бердібек
аудандық әділет басқармасының жетекші маманы
26 тамыз 2019 ж. 2 499 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930