» » Үй қоянын өсіру

Үй қоянын өсіру


Қоян – көпшілік қыз балаларының сүйікті жануары. Тіпті, "қоян" деп еркелетіп, достарымызды осы атаумен атайтынымыз тағы бар.  Ал бүгінде үй қоянын өсіретіндер қатары көп болмаса да кездеседі. Себебі үй қояны тез өсіп, тез көбейеді. Сонымен қатар олар материалдық және еңбек шығынын көп қажет етпейді. 


Үй қоянының тұқымдары



Үй қоянының ұрғашысын дұрыс күтіп баққан жағдайда жылына 50 килограмнан астам ет және 25 тері алуға болады. Түбітті тұқымды әр үй қоянынан жылына орта есеппен 350-400 грамм түбіт алуға болады. Алынатын өнімдерінің түрлеріне қарай  үй қоянын етті, етті-терілі және түбітті тұқымдарға бөледі. Етті терілі тұқымның ішіне үлкен ақ және сұр қоян, күміс түсті, көгілдір түсті қоян, қара қоңыр, теңбіл, мардер қояндары неғұрлым кең таралған. Ал жаңазеландиялық ақ және калифорния қояны етті тұқымға, үлпілдек жүнді ақ қоян – түбітті тұқымға жатады. Көптеген етті-терілі тұқымның ірілерінің салмағы 5 килограмға жетеді (кейде одан да асады). Етті бағыттағылары орта есеппен 3,7-4,5 килограмға жуық болады. Етті қояндар жас кезінде тез өсіп, тез ет алады. Мәселен, жақсы азықтандырған жағдайда 2 айлық көжектердің салмағы 2 килограм, ал 3 айлығында 3 килограмға жуықтайды. Үй қоянын өсіру Үй қоянының жыныстық жетілуі әдетте 3,5-4,5 айлық кезіне қарай аяқталады, алайда оларды бұдан біраз кешірек шағылыстырады. Үлкен ақ және сұр қоян секілді кеш жетілетін тұқымның жас ұрғашыларының тірідей салмағы кемінде 3,5 килограмм болатын 5 айлық кезінде ғана туа алады. Қояндардың көжектеуіне 1 апта қалғанда тор ішіне төсеніш салынып, дезинфекцияланған жәшік қою қажет. Егер де көжектейтін орын тұрақты болса, оларды дезинфекциялайды, оған таза жұмсақ сабан немесе ағаш жаңқасын төсейді.




Көжектеуіне 3-4 күн қалғанда ұрғашы қоян ұя жасай бастайды, оған өзінің бауыры мен төсінен жұлып алған түбітін төсейді. Егер көжектеуіне 2-3 күн қалғанша қоян ұя жасамаса, онда абайлап оның түбітін (көкірек тұсынан) жұлып алып, ұяға төсеу керек. Көжектеу алдында және одан кейін торда таза су болуға тиіс. Себебі бұл кезде аналық қоян қатты шөлдейді. Ал алдында құюлы су болмаса өз төлін жеп қоюы мүмкін. Қоян көбінесе түнде көжектейді және бұл процесс 10 минуттан 1 сағатқа созылады.  Бір ұяда орта есеппен 5-9 көжек болады. Олардың саны 1-ден 14-ке дейін өзгеріп отыруы мүмкін.  Көжектеу аяқталысымен ұяны тексеріп, ондағы өлі және әлсіз көжектерді алу керек. Емізу үшін сүтті аналықтарының бауырына 8-ден артық көжек қалдырмау керек. Ал сүті аз және тұмса қояндарға 5-6 көжек қалдырады. Көжектер сүт тісті, қызылшақа және соқыр болып туылады. Салмақтары 40-80 гр аралығында болады. Көкжектер 11-ші күнге қарай көзін ашады, ал тағы 1 аптадан соң тістейді. 1 айлық кезеңінде түгел тістері шығып, енесінің сүті керек болмай қалады.

Үй қоянын азықтандыру




Үй қоянына беретін азықтардың құрамында оның организмінің тіршілік әрекетіне қажетті заттардың бәрі болуға тиіс. Негізгі азықтары: шөп, пішен, тамыр түйнек жемістер, ас пен бақша дақылдарының қалдықтары. Үй қояны бұршақты-астық тұқымдас дақылдар қоспасын, бақбақты, түйе жапырақты, ақбас, жусан, аюбалдырған, түймешетенді, иманжапырақ, жоңышқа мен теңге жапырақты, бидайықты, сонымен қатар сәбіз, қызылшаның пәлегін жақсы жейді.  Жабайы өсетін шөптермен азықтандырғанда улы өсімдіктерден (меңдуана, күйдіргі сарғалдақ, томардәрі, қарғакөз, желайдар, ит жидек, у балдырған, у тамыр, оймақгүл және т.б.) сақ болу керек. Себебі одан қоян уланып өліп қалуы мүмкін. Егер де қоянның ас қорытуы бұзылса, оған шөп беруді барынша азайтып, азығына пішен қосу керек. Қызылшаның, тарының жас пәлегін, капуста жапырақтарын алдымен жуып, одан соң аз-аздан (үлкен қоянға 300г, көжегіне 30-40г) берген жөн. Үлкен қоянға күніне 400-1000 гр, ал көжегіне 100-400 гр көк балауса беруге болады. Сонымен қатар ас қорыту бұзылуын емдеу үшін қоянға қандыағаш пен еменнің бұтағын беру керек. Үй қоянын белгілі бір уақытта күніне 2-3 рет азықтандырады. Азықты астауға салып береді.

Үй қоянын күтіп-бағу




Үй қоянына арналған торды тақтай кесінділері секілді алуан түрлі материалдардан жасайды. Қояндарды ауданы әр көжекке 0,1-0,15 шаршы метрден келетін торға орналастыру қажет.  Ал көжектерді бөлу кезінде міндетті түрде жерден көтеріңкі етіп орнатылған торда ұстайды.  Ал негізінде торларды орналастыру үшін құрғақ, ал қоянды қыста жел мен күртік қардан қорғау үшін, ал жазда тікелей түсетін күн сәулесінен қорғайтын ағаш немесе бұта сияқты панасы бар жерді таңдап алады. Солтүстік аудандарда қыста торды жылы қораның ішіне орналастырады. Себебі қатты суыққа үй қояны шыдай алмайды. Ал сырттағы торда ұсталған қояндардың әртүрлі ауруға төзімділігі артады және терісінің сапасы жақсарады. Көптеген қоян өсірушілер көжектерді 2 және 3 қабатты торларға орналастырады. Қояндарға өкпек жел қауіпті, сондықтан суықта торды үстіңгі және бүйір жақтарын пленкамен, матамен брезентпен немесе кенеппен қымтап, олардың астына мол етіп құрғақ төсеніш салған жөн. Ағаштан астау жасап, оны іліп қою керек.

Үй қоянынан алынатын өнімдер




Түлеп болған және үрлеп байқағанда барлық жері ақ болып көрінетін тері «жетілген» тері деп есептеледі. Ең сапалы терілер күзгі-қысқы маусымда алынады. Сондықтан қояндарды жаппай сою жұмысы қараша-желтоқсан айларында жүргізіледі. Союдан кейін іле-шала үшкір пышақпен көз алмасын ойып алады да, ал қаны сарқылып ағуы үшін ұшаны артқы сирағынан іліп қояды. Қаны ағып болған ұшаның реңі бозғылдау болады. Теріні артқы сирағы жағынан іреп, тұлып күйінде сыпырып алады. Одан соң өлшеміне сай қалыпқа кигізеді. Қалыптан алынған соң теріні температурасы 25-30°С  және ылғалдылығы 30-50°С жақсы жетілген үй-жайда кептіреді (тұздамайды). Ал ұшаны мүшелеп, одан алуан түрлі тағам әзірлейді.

Massaget.kz
21 ақпан 2018 ж. 1 927 2

Гость Jeaplause от 22 ақпан 2019 14:55
Isotretinoin mastercard accepted with free shipping store viagra Sildenafil Generique France

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 00:14
Zithromax Vs. Amoxicillin 2 Day Shipping On Viagra Zithromax Kids cheapest cialis 20mg Amoxicillin 875 Mg Discovering Amoxicillin

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930