» » ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында айтылған «Президенттік жастар кадр резерві» туралы түсіндірді.
Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Ержан Қарымсақов, департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының профессоры Ақзада Мадалиева, сондай-ақ бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді атап өтті. Сонымен бірге, олар «Президенттік жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында қыркүйектен бастап іріктеу жұмыстары басталғанын, жобаның мақсат-міндеттерін, талаптарын таныстырды.
– Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекеттік басқару институттарын нығайтуға баса көңіл бөліп, «Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет» деп атап көрсетті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастардың потенциалының ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтауға тапсырма берген болатын. Бұл – «Жастар жылы» аясында білімді әрі дарынды отансүйгіш жастарымызға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау. «Президенттік жастар кадрлық резервіне» қабылданған жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық лауазымға тұруға бірегей мүмкіндік ашылады деп көзделуде. Жоғары лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады, – деді баяндамашылар.
Жиын соңында жастар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, жобаға қатысуға қызығушылық танытты.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

21 қыркүйек 2019 ж. 774 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930