» » ӘЙЕЛДІҢ ЖӘННАТЫ ЕРІНІҢ РАЗЫЛЫҒЫНДА

ӘЙЕЛДІҢ ЖӘННАТЫ ЕРІНІҢ РАЗЫЛЫҒЫНДА

Аудандық «Иманқұл» мешітінде бос уақыттарын текке кетірмей, Алланың тура жолынан адаспай сабақ алып жүрген шәкірттер бар. Олар дәріс барысында араб әліпбиін үйреніп, Құран оқуды, ардақты Пайғамбарымыздың өмірін, құлшылық негіздерін, ақиданы оқып біледі. Мешіт ұстаздарының басты мақсаты да осы шәкірттерге иман нұрын, Хақтың тура жолынан адаспау үшін діни ілім беру.
Аудандық «Иманқұл» мешітінде облыстық Ақмешіт-Сырдария ме­ші­тінің ұстазы, «Әйел-қыздар» секто­рының жетекшісі Ләззат Сыдықова кенттегі ақ жаулықты аналарға, қыз-келіншектерге сабақ өтті. Шара барысында Ислам дініндегі әйелдің орны, міндеті туралы кеңінен сөз болды.
– «Исламда әйел кісінің орны ерекше. Алла Тағала әйелдерді еркектен бір саты төмен етіп жаратты. Тіпті әйелдің жәннаты ерінің разылығында. Алла қасиетті Құран Кәрімде еріне мойынсұнып, ар-ұятын сақтап, бес уақыт намазын оқып, оразасын ұстаған әйел жәннаттың кез келген есігінен кіретінін де айтады. Егер осы төртеуін осы дүниеде орындай алса, ол әйел жәннаттық. Салиқалы әйел салиқалы ұрпақты дүниеге әкеледі. Ол – отбасының ұйытқысы, ерінің көз­дерінің нұры, балаларының аяулы анасы. Кей әйелдер білмеуі мүм­кін нәрселер де бар. Мысалы, әйел адам ерінің рұқсатынсыз бір жерге шықпауға, онымен ақыл­даспай қонақ шақырмауға міндетті. Ерінің рұқсатынсыз үйден шыққан әйелге қайтып оралғанша лағынет айтылып тұрады. Сондай-ақ әйел күйеуі жоқта оның мал-мүлкін сақтауға міндетті. Өкінішке қарай қазіргі кезде кей қыз-келіншектер Исламдағы әйелдің орнын білмейді. Алла Тағала тыйым салған әуретті жерлерін ашықтан-ашық көрсетіп жүре береді. Асыл дінімізде әйел адамға жабынуға және еріне мойынсұнуға міндеттелген. Жалаң бас, шалбарланып жүру үйреншікті жағдайға айналды. Орамал таққан қыз-келіншекті көрсек мойын бұрып қарап, қуанатын болдық. Аллаға шүкір, қазір барлық мүмкіндік бар ғой. Дінге ешкім тыйым салып жатқан жоқ. Адам баласына тәубеге келуіне еш уақытта кеш емес. Алла аса кешірімді, мейірімді. Сондықтан да біз қыздарымызға болашақ ана екенін, біреудің жары болатынын және оның жәннаты ерінің разылығында еке­нін түсін­діріп отыруымыз керек. «Ер­кек үйдің егесі болса, әйел үйдің шегесі» деген. Ана болу сияқты ұлы сезім, жүктілік, бала емізу сияқты міндеттер әйелге берілген нығ­меттер. Еркектің жәннаты анасының разылығында, әйелдің жән­наты ерінің разылығында еке­нін ұмытпайық», – деді Ләззат Ахметқызы.
Мұнан кейін мешіттің бас имамы Айбек Мәдиевтің қатысуымен қайы­рым­дылық шарасы ұйымдас­тырылды. Мектеп табал­дырығын аттаған және мешітте білім алып жүрген шәкірттерге оқу құралдары табысталса, жиын­ға қатысқан ана­лар мен қыз-келіншектерге сый­лықтар берілді.

Нұр НАУАН

22 қыркүйек 2019 ж. 689 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930