Ерекше ыстықтан кейін күн суытып, үсік жүреді
Синоптиктер 24-26 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Демалыс күндерінде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +33…39°С аралығында болған еді. Ерекше ыстықтан кейін суық фронттардың әсерінен қыркүйекке тән ауа райы келеді. Арктикалық суық фронттардың ықпалынан республиканың орталығында және шығысында жаңбыр жауып, күшті екпінді жел тұрады. Ауа температурасы түнде минус 3°С дейін төмендейді.
Ал батыс және солтүстік облыстарда суық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын болады. Ал түнгі және күндізгі уақытта тұман түсіп, үсік жүреді.