» » Жаңаөзен ауруханасында болған жағдайды видеоға түсіріп алған

Жаңаөзен ауруханасында болған жағдайды видеоға түсіріп алған

аÑÑÑÑана

Жаңаөзенде балалар жұқпалы аурулар ауруханасында медициналық қызметкерлер палатаны зарарсыздандыру кезінде бөлмеде адам бар-жоғын тексермеген. Кварц шамдарын қосып кетіпті. Салдарынан төрт жасар бала мен оның әпкесінің көзі күйіп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau сайтына сілтеме жасап. 

Кварцталғаннан кейін бала мен туысы көздерінің қатты ісіп кеткенін байқайды. Және қышып жатқанын айтып, шағымданған.
"Қараңыздар, көздерін мүлде аша алмайды. Осы медбикелер. Олар өздері қоспаған, санитарға айтқан, ол болса 45 минутқа бір-ақ қосқан", - дейді видеода отбасының туысы.
Осы оқиғадан кейін, аурухана басшысының қатысуымен жиналыс өткізілген. 
"Екі науқасты да көз дәрігері тексеріп, ем-дом жазып берді. Жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісіне ескерту жасалып, аға медбике сөгіс алды. Ал екі медбике өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Аурухана басшысының орынбасары осы жағдайды өз бақылауына алып, науқастармен кездескен", - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.  
Қазіргі уақытта науқастар үйлеріне жіберілді, олар қажетті емдеу шараларын алып жатыр. 



stan.kz

29 қыркүйек 2019 ж. 693 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930