» » Кеңес Рақышев жаңа қызметке келді

Кеңес Рақышев жаңа қызметке келді

Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясын басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған. Ол мүдделер қайшылығы болмауы үшін қызметінен кетуді ұйғарған. Сондай-ақ, Құлыбаев отандық су спорты түрлері федерациясы басшылығынан кетті. 

Тимур Құлыбаевтың орнына федерация басшысы болып Кеңес Рақышев келді, конференция қатысушылары ол үшін бірауыздан дауыс берді.


09 қазан 2019 ж. 562 0