» » "Кешірім сұрады": Баланы қағып, қашып кеткен қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен қайтып оралды

"Кешірім сұрады": Баланы қағып, қашып кеткен қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен қайтып оралды

Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып кетіп, елден қашып кеткен қазақстандық жігіт аталған мемлекетке өз еркімен қайтып оралды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі M.yna.co.kr басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, жол апатына кінәлі жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен оралып, апат үшін кешірім сұраған. Ол Инчхон әуежайына келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткені хабарланған еді. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған. Ал бала апат салдарынан ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған көрінеді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, қазақстандық азаматтың үшінші елдің аумағында жасырынып жатқандығын айтты.

14 қазан 2019 ж. 552 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30