Бала рұқсат етілмеген жерде тұрған - СІМ Кореяда адам қаққан қазақстандық жайлы
Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда баланы қағып кету ісіне қатысты мән-жайды айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болып, жолға жүгіріп шыққан.
Бала көліктен қашқан, алайда автомобильдің әйнегі баланың басына тиіп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсарып келеді. Ол өздігінен жүріп жүр", - деді СІМ өкілдері.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға кіруіне шектеулер қойылады деген ресми мәлімет жоқ екенін айтады. Бұған дейін 20 жастағы еңбек мигранты жас баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны xабарланған. Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған. Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық тергеу изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған. Жасөспірімге күрделі ота жасалған.
Күдікті Павлодардан табылған. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея елге заңсыз кірген шетелдіктерге қатысты ережені қатайтуға шешім қабылдаған. Енді олар елден кететіндігі туралы xабарды 3-15 жұмыс күн бұрын айтуы керек.