» » Тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған: Қарағанды облысында сұмдық оқиға орын алған балабақша жабылды

Тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған: Қарағанды облысында сұмдық оқиға орын алған балабақша жабылды

ТÓÑбиеÑÑ Ð±Ò¯Ð»Ð´ÑÑÑÑÐ½Ð´Ñ ÑұнÑÑÒÑÑÑÒан: ÒаÑаÒÐ°Ð½Ð´Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда ÑұмдÑÒ Ð¾ÒиÒа оÑÑн алÒан балабаÒÑа жабÑлдÑ

Теміртауда бүлдіршінді тұншықтырып, ұйықтатпақ болған тәрбиеші жұмыс істеген балабақша жабылды. Бұл туралы Қарағанды облысындағы білім саласын бақылау департаментінің басшысы Санат Мусин мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттің әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мусиннің сөзінше, аталған балабақшада орын алған даулы оқиғадан кейін мекемеде тексеріс жүргізілген. Соның барысында балабақшаның заңсыз жұмыс істеп келгені анықталыпты. Әкімшілік сот балабақша иесін жауаптылыққа тартқан.
«Мамандандырылған әкімшілік сотқа қуыным берілді. Сот шешімі бойынша, жеке кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды», - дейді Санат Мусин.
Нәтижесінде кәсіпкер мемлекетке 60 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Мұнан кейін балабақшаның қызметі тоқтап, жабылған. 
Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Теміртаудағы балабақшада тәрбиешінің бүлдіршінді көрпемен тұншықтырған видеосы тарады. Тәрбиеші қызды ұйықтата алмағандықтан осындай әрекетке барғанын мойындады. Айтуынша, бүлдіршін төсекте секіріп, тыңдамай қойған көрінеді. Сол себепті тәрбиеші қызды көрпемен басып, ұстап тұрған.
Жүргізілген тергеуден кейін сот тәрбиешінің кінәлі деп танып, 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Сонымен қатар педагогқа 3 жылға дейін кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды. 

stan.kz

17 қазан 2019 ж. 536 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930