» » Бас прокуратура: Екі жылда 66 млрд теңге жымқырылған

Бас прокуратура: Екі жылда 66 млрд теңге жымқырылған

ÐÐ°Ñ Ð¿ÑокÑÑаÑÑÑа: ÐÐºÑ Ð¶Ñлда 66 млÑд Ñеңге жÑмÒÑÑÑлÒанБас прокуратура алқасының отырысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржы жымқырылған қылмыстық істерді тергеудің заңға сәйкестігі, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғизат Нұрдәулетов мемлекеттің қаржысы кейде азаматтарға жетпейтін айтты. Қаскөй шенеуніктер мен кәсіпкерлер қаржы жымқыруын әлі тоқтатқан жоқ. Бас прокурор құқық қорғау органдарының басшыларын халықтың ақшасын жымқырудың алдын алу үшін қатаң шара қолдануға шақырды. 2017 жылдан бері құқық қорғау органдары тергеген 6 мың (5940) қылмыстық істің фигуранттары 66 млрд теңгені қолды қылған. Сол қылмыстық істердің қазірге дейін 2 685-і сотқа жіберілген. Отырыста тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы да сөз болды. Прокурорлардың айтуынша, Үкімет Денсаулық сақтау министрлігінде жүргізілген тексеріс кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ұсынысты қараған. Прокуратураның актілері бойынша 48 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, үшеуі қызметінен кеткен. Алқа отырысына шақырылған денсаулық министрі Елжан Біртанов ахуалды жақсарту үшін қолданылатын шаралардың жол картасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Отырыста министрлікке шетелдердің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру тәжірибесін үйрену ұсынылып, дәрі-дәрмек бағасын белгілеуді ашық ету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі айтылды.


www.kazinform.kz
29 қазан 2019 ж. 481 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031