» » «Театр анасы – Сәбира»

«Театр анасы – Сәбира»

Жуырда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен сахна саңлағы Сәбира Майқанованың 105 жылдығына арналған «Театр анасы – Сәбира» атты драма үйірмелерінің облыстық байқауы өтті.
Тағылымы мол шарада мәңгі өлмес өнер иесі, талантты тұлға, өнерге қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен әлемдік деңгейдегі актриса, ұлт мақтанышы Сәбира Майқанованың театр сахна­сындағы өнегеге толы өмір жолы насихатталды. Жастардың театр өнеріне деген оң көзқарастарын қалыптастыра отырып, қызығушылығын арттыру, ел ішінен талантты жастарды табу мақсатында ұйым­дастырылған байқауда ауылдық жерлерден келген драма үйірмесі әртістері өнерлерін ортаға салды. Оның ішінде көрермен көзайымына айналған М.Шәменов ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жас өркен» драма үйірмесі қатысып, балаларға арналған «Ер көжек» атты музыкалық қойылымын ұсынды.
Байқау нәтижесінде қазылардың шешімімен «Жас өркен» драма үйірмесі І орынды жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатты.

“ЖЖ” ақпарат
12 қараша 2019 ж. 656 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30