ОРАЛДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Аудандық халық театры Батыс Қазақстан облысында "Ең үздік театрлық эксперимент" номинациясын иеленді.
Мәдениеттің мәйегі болып Бөрлі ауданында алғаш шымылдығын ашқан «Мұрагер» театрының 5 жылдық мерейтойына орай Жастар жылы аясында «Өнерге тағзым» атты І аймақтық халықтық театрлар фестивалі ұйымдастырылды. Оған Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау аудандарының театрлары мен біздің аймақтан Жалағаш, Сырдария аудандары қатысып, сахнаның шырайын кіргізді.
Фестиваль шымылдығын жергілікті «Мұрагер» театры С.Мұратбековтің «Жусан исі» атты қойылымымен ашса, жалағаштық өнерпаздар Б.Ұзақовтың «Жан дауа» қойылымын сахналады.
Солтүстік жұртын өз өнерімен тамсандырып, көрермен көзайымына айналған Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің жанындағы халық театры ұжымын Бөрлі ауданы әкімі Санжар Әлиевтің арнайы «Құрмет» грамотасымен марапаттап, "Ең үздік театрлық эксперимент" номинациясын табыстады.
– Бұл байқауға қатысудағы мақсатымыздың бірі – ол басқа театр ұжымымен тәжірибе алмасу, басқа ортамен тығыз қарым-қатынас орнату. Бүгінде театр әртістері батыс өңіріндегі өнерпаздармен тығыс жұмыс жасап келеді. Қазір мәдениет үйі жанындағы "Халық" театрында өнерлі жастармен толыққан. Батыс жұрты біздің театр қойылыма тамсанып, толассыз қошеметін білдірді, – дейді Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Алпамыс Қожанияз.
Айта кетейік, аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халық» театры сонау 1971 жылы драма үйірмесі негізінде құрылып, сол кезден бастап түрлі тақырыптағы спектакльдерді, қойылымдарды сахналап келеді. Бұған дейін де талай мәрте республикалық, облыстық деңгейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.