» » БАЛАЛАР ШАТТЫҒЫ

БАЛАЛАР ШАТТЫҒЫ

Дәл осы мезгілде барлық балабақша бөбектері «Алтын күз» байқауын өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Жуырда М.Шәменов ауылындағы «№18 бөбек» бөбекжай-бақшасындағы тәрбиеленушілер де аталған мерекені тойлады.
Мерекелік жиында балалар әуезді әуенмен залға кіріп, хормен күз туралы әнді орындады. «Айгөлек» тобы ертегілер тақырыбында өз өнерлерін көрсетіп, жиналған жұрттың қошеметіне бөленді. Онда күз бейнесі мен қоян, түлкі кейпінде ертегілер желісін сахналап, көпшілікті тәнті етті.
– Шара барысында тәрбиешілер Гүлістан Дүйсенова, Айгүль Ахметова және музыкалық жетекші Сандуғаш Аяғанова жүргізушілік әрі педагогикалық қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп, ата-аналардың ризашылығына бөленді. Мерекелік жиын соңында балабақша басшысы Сұлушаш Кужбанова балаларды мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Балаларды шаттық бөлеген балабақша тәрбиешілеріне өз ризашылығымды білдіремін, – дейді ата-ана Жадыра Ермаханова.

«ЖЖ» ақпарат


19 қараша 2019 ж. 754 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031