Қызылордалық журналист І орынды жеңіп алды

Байқау ағымдағы жылдың 28 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында жүргізілген. Қазылар алқасы қазақ және орыс тілінде 50-ге жуық мақаланы талдап-таразылады. Байқау қорытындысы бойынша әріптесіміз Жәнібек Исаев «Телекоммуникация: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында сараптамалық мақала жариялап 1 млн теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
«Біз ең жақсы аналитикалық материалға конкурс жарияладық. Оның ерекшелігі қазіргі ақпаратты сүзгіден өткізіп, статистикалық деректерді талдау, пікірлер жинауды қамтиды. Сондай-ақ шығармашылық компонентке ерекше назар аударылды. Үш жеңімпазды таңдау өте қиын болды. Байқауға келіп түскен мақалалардың көбінде байқау талаптары нақты орындалған. Алайда біз ең үздіктерін таңдап алдық», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.