» » Жаңаталаптағы бишілер байқауы

Жаңаталаптағы бишілер байқауы

Халықаралық би күніне орай Жаңаталап ауылында «Мың бұралған бишілер» атты байқау өтті. Байқауға ауылдық клуб жанынан құрылған үйірме мүшелері арасынан 9 би тобы қатысты.
Нәтижесінде бас жүлдені «Сандуғаш» би тобы иеленсе, І орынды «Сұңқар» би тобы жеңіп алды. Сонымен қатар ІІ орынға «Бүлдіршіндер», «Әдемі-ай», «Думан» би топтары қол жеткізсе, ІІІ орынды «Арулар», «Айбибі», «Айгөлек» тобындағы бишілер қанжығаларына байлады.
Байқау сонында би үйірмесінің жетекшісі, клуб басшысы Сандуғаш Тұрсынғалиқызы балаларға ізгі тілегін білдіріп, дипломдармен марапаттады.
Айта кетейік, бұған дейін «Сандуғаш» би тобы «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйым­дас­тыруымен өткен «Дала сазы» атты республикалық байқауда 2-ші орын иеленсе, «АМАNAT» music ІІ ха­лық­аралық конкурс фестивалінде қазақтың ұлттық биі «Ұршық» биін билеп, белсенді өнер көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды.
Жаңаталаптық өнерпаздар әлі талай белестерді бағындыратынына сенім мол.

Н.ЖАНҰЛЫ.

07 мамыр 2019 ж. 1 285 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031