» » Нәрлі өнім құнарлы топырақтан шығады

Нәрлі өнім құнарлы топырақтан шығады

Ауыспалы егістің ерекшелігі мен маңызына біз мән бере бермейміз. Рас, ротацияны сақтауға әуел бастан белгіленген бір мерзім бойынша жоңышқа мен күріштің себілу уақытын ауыстырып отырамыз. Тіпті кейбір шаруашылықтар мұндай ережеге сүйенбей бірқатар талапты бұзып отырады. Осының өзі ауыл шаруашылығы саласында қаншама жетістікке жетіп, Сыр салысынан рекордтық өнім алғанымызбен біздің кейбір талаптарды не үшін сақтау керек екеніне бас қатырмайтынымызды аңғартады. Жуырда Таң ауылдық округінде Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ПУИД-2)» жобасының екінші кезеңіне арналған семинар өтті. Оған аталған институттың ғалымдары, ауыл әкімі және диқандар қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – ғылыми жетістік­термен және озық тәжірибемен, ақпа­рат­пен алмасу, Қызылора облысы күріш шаруашылығы тұрақты дамытудың басым бағыттарының бірі топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, су және энергия қорларын тиімді пайдалану, ауыспалы егістерді игеру, малазықтық дақылдарды зерттеу және суармалы егіншіліктің экологиялық мәселелері бойынша нақты ұсыныстар дайындау.
Басқосуда алдымен ҚР ЭГТРМ, ПУИД-2 жобасын басқару тобының маманы М.Исмаилов, ПУИД-2 жобасының 3-ші компонентінің эксперті Т.Утебалиев және Қазақ ҚШҒЗИ бас дирек­торының міндетін атқарушы Б.Дүйсембеков сөз алып, басқосудың маңыздылығына тоқталды. Мұнан кейін «Агротехнология, Мелиорация және топырақтану» бөлімінің бас ғылыми қызметкері Х.Жамантиков сор топырақтың таралуы, қалыптасуы жай­лы баяндады. Семинарды «Агротехнология, мелиорация және топырақтану» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері К.Шермағамбетов «Оңтайлы егіс құрылымы және ғылыми негізделген күріш, ауыспалы егісі» атты тренингпен жалғастырды. Мұнан соң «Картоп және көкөніс бақша дақылдары» бөлімінің жетекшісі ғылыми қызмет­кері Қ.Бегалиев баяндама жасап, жүгері өндірісінің заманауи технологиялары туралы айтып берді.
Ауыл шаруашылығында үлкен жетістікке жету үшін жердің құнарлылығын сақтауға бағытталған белгілі бір ережені де бұзбаған абзал. Себебі құнарын жойған топырақты қайта қалпына келтіру үшін кейде үлкен шығынға батуға тура келіп жатады. Ал осы мәселенің алдын алуда бүгінгі семинардың маңызы зор. Мамандар еңбек адамдары мен ауыл тұрғындарына жерді тиімді пайдаланудың келешек үшін қандай маңызды екенін жете түсіндірді.
Аграрлық аймақ саналатын Жалағаш ауданы негізінен күріш дақылын егеді дегенмен, соңғы жылдары бақша дақылдарына да басымдық беріп жатқанын байқаймыз. Біреулерге жаңадан ашылған жерге су келіп тұрса болды, егін бітік шығатындай көрінеді. Алайда бақша дақылынан мол өнім алудың да өзіне тән қыр-сыры бар. Бұл тұрғыда институт мамандары өздерінің жинаған тәжірибесімен бөлісіп, қай уақытта не ексең де шығынға жол бермеу қажеттігін назарға салды.
Ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде егін шаруашылығында жердің құнарлылығын сақтауға арналған ережені ғалымдардың бұзбау керек деуінде үлкен мән бар. Мұндай талаптар сақталмаған өлкеде тек жердің құнарылылығы төмендеп қана қоймай өнім сапасынан айырылып жатады. Мәселен, ротация сақталмаған жерде өскен өнім табиғаттың кейбір қолайсыздығына шыдас бермейтін көрінеді. Сондықтан сапалы әрі мол өнім алу үшін алдымен белгіленген заңдылықты сақтаған абзал.
Семинар барысында мамандар мұнан бөлек Сыр салысынан көп өнім алу үшін нендей жұмыстар атқару қажеттігін де шаруалардың назарына салды. Шара соңында ауыл әкімі Әліби Байнақатов пен диқандар қонақтарға ризашылығын білдірді.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

10 желтоқсан 2019 ж. 483 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930