Студенттермен ашық кездесу өтті
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова мен басқарманың бас маманы Ысқақов Мұрат «Болашақ» университетінің студент-жастармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ел ертеңін құрайтын жастарды жемқорлықтан азат адал қоғам қалыптастыруға дәріптеу және білім беру жүйесінде сыбайластық әрекеттердің белең алуына жол бермеу.
Өз кезегінде Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова – жастардың әділдік, парасаттылық құндылықтарына қанық болып өсуі – Қазақстанды қуатты мемлекеттер қатарына қосуға және адал еңбек пен таза білімге иек артқан жастар - жарқын болашақтың берік іргетасын қалайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, превенция басқармасының бас маманы Ысқақов Мұрат - өңірдегі білім ошақтарында бастау алған «Таза сессия» акциясының қоғам алдындағы маңыздылығын түсіндіріп, білім алушыларды алдағы қысқы сессия кезінде құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Шара соңында адам болмысындағы ең ізгі қасиеттер - «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім» тақырыбында студенттер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.