Ет мүшелеп, табақ тарта аласыз ба
Қазақ халқы қонағының жолына қарай табақ түрлерін ұсынғаны белгілі. Осыған қарап бабаларымыздың негізгі тамағы мал еті болғанын білуге болады. Алайда, қазіргі уақытта етті мүшелеуді әрбір еліміздің тұрғыны біле бермейді. Сол себепті KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап пайдалы кеңесті ұсынады.
Бас табақ, орта табақ, кіші табақ тартып қонағын құдайындай сыйлайтын қазақ ас ұсынғанда көрегендік танытқан.
Еліміздің әр аймағына тән ерекшеліктері болғанымен, қонақтың жасына, туыстық жақындығына қарай табақтардың көптеген түрі бар:
- Сый табаққа - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.
- Құда табаққа - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, бауыр.
- Құдағи табаққа - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік, сүбе.
- Жеңге табаққа - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.
- Беташар табаққа - сүбе, төс еті, қарын, ащы iшек, құйымшақ, мойын омыртқа.
- Күйеу табаққа - төс, асықты жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта.
- Қыз табаққа - тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға.
- Құрдас табаққа - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық.
- Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік
Еске сала кетсек, осыған дейін тұрмыста кеңінен қолданыла бермейтін адамның жас атаулары туралы қызықты мәлімет ұсынғанбыз.