Шетелдік мамандардан 15 есе аз жалақы алады: Отандық ұшқыштар неге жұмыс таппай шетел асады
Қазақстанды ұшқыштардың көбісі шетелде жұмыс істеуге мәжбүр. Бізде кадрдың қадіріне жету жағы кемшін тартады деп сарапшылар да сынап жүр. Ал, ардагер ұшқыштар Қазақстандағы әуе апатының жиілеуі штурвал ұстағандардың шикілігінен дейді.
Бұл туралы Qazaqstan арнасының "Мәселе" бағдарламасында айтылды.
"Техниканың аты техника. Ол кез келген сәтте істен шығу мүмкін. Бастысы экипаж мүшелері қандай шешім қабылдайды, соған байланысты. Өкінішке қарай біздегі ұшқыштардың көбі кәсібилік таныта алмайды. Тек өзі ғана емес, қанша жанның өміріне жауап беретінін ұмытпаса дейміз", - деді ардагер ұшқыш.
Егемендік енді алған тұста Ақтөбеде жалғыз азаматтық авиациялық училищесі болған. Кейін оқу орны Қорғаныс министрлігінің қарамағаны көшіп, азаматтық ұшқыштарды даярламайтын болды. Қазір азаматтық авиациялық академия Алматыда.
"Қазір бізде заманауи ұшақтарды басқара алатын ұшқыштарды даярлайтын оқу орны жоқ. Сол себепті шетелдіктер көп келіп жатыр. Ал, біздің ұшқыштар жұмыссыз қалып, басқа елдерге баруға мәжбүр. Олар Африка, БАӘ, Ауғанстан, Үндістан елдерінде шашырап жүр", - дейді авация ардагері Шмидт Сабиров.
Елімізе шетелдік ұшқыштар аспаннан жауғандай келіп жатыр. Орта есеппен шетелдік ұшқыш 9 мың еуро жалақы алады. Ал, Қазақстандықтардың айлығы олардан 15 пайызға кем. Өйткені...
"Авиация саласына мамандар керек. Себебі бұл мамандарды даярлайтын жалғыз мекеме бар. Азаматтық авиация академиясы. Бірақ оның түлектеріне сұраныс жоқ. Себебі заманауи талапқа сай келмейді", - деді Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Бұл академияның студенттің бірінің анасы хабарласып, балалардың тәжірибеден өте алмай жүргенін айтты.
"Біздің түсінбей жатқанымыз - балалардың тактикасы. Балалар тәжірибеден өте алмаса, оларға диплом да берілмейді. Сонда өз мамандарның сыртқа теууіп жатыр", - деді студенттің анасы.
Ал, академия ректоры не дейді?
"Соңғы жылғы көрсеткіш бойынша, түлектеріміздің 60 пайызы жұмысқа орналасып жатыр. Енді оларды 100 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Бекен Сейдахметов.
Ұшқыштарды оқыту қымбатқа түседі. Сол себепті отандық әуекомпаниялары қазақстандық ұшқыштардың біліктілігін өз қаржысына арттырып жатыр. Бір ұшқышқа 30 мың доллар жұмсалады. "Бастапқыда Bombardier q400 nextgen ұшағын басқаратын ұшақ болмады. Сондықтан шетелден шақырттық. Олар жергілікті мамандарды үйретуде. Қазір ұшқыштарымыздың жартысы қазақстандық мамандар", - деді Qazaq Air АҚ басқарма төрағасы Поллок Александр Блэр Трехерн.
Ал, Тоқтар Әубәкіровтің пікірінше, отандық ұшқыштарымыз нашар деген ақылға симайды. Мәселе, ұшқышта емес, жүйе мен дайындықта.
"Қазақстандықтар керісінше шетелдіктерден бірнеше есе жақсы ұшады", - деді Халық қаһарманы.
Еліміздегі заң бойына, ер адамдар 63 жасында зейнеткер шығады. Егер медициналық анықтамасы болса, 63 жастан кейін де ұшаққа отыра береді.
"Ер адамдар 63 жасқа дейін ұшақта қалай ұша алады? Медицина талабы тым жоғары. Зейнетақыны 63 жастан кейін алады. Мұны кім ойлап тапқан? Мүлде түсінбеймін.
Мәселен, жақында болған ұшақ апатынан соң қара жәшікті Мәскеуге жіберді. Халықаралы үрдіс солай.
Сала министрі Бейбіт Атамқұлов азаматтық авиацияны дамытудың жоспары дайындалып жатыр. Оның шеңберінде 2020 жылы барлық білім мекемелері сала бойынша шоғырланып, азаматтық авиацияның оқу орталығы ашылады және ол еуропалық стандарттарға сай болады деген еді.