БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім салтанат құрған заманда өзгелерден көш ілгері болу үшін жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл ретте білім саласына қолдау көрсетуді бірінші кезекке қоймай, мақсатымыз ойдағыдай жемісін бермесі анық. Мемлекеттің де қыруар қаржыны аталған салаға бағыттауының негізгі себебі осы. Мәселен, бір ғана Жалағаш ауданын мысалға алайық. Біздің өңірде бюджеттің 50 пайыздан астамы білім саласына бағытталады. Бұл демеу ертеңін ойлаған елдің келешектен үлкен үміт күтетінін аңғартады. Осынша қолдаудың көп ұзамай жемісін беріп жатқаны бізді қуантады. Мәселен, Жалағаш ауданы ҰБТ қорытындысы бойынша бірнеше жыл облыста көш бастады. Былтырғы нәтижеміз де жаман болған жоқ. Бұл нәтиже біздегі білім ошақтарының жастарға тәлім-тәрбие беруде, санасына білім нәрін сіңіруде аянбай жұмыс жасап жатқанын білдіреді.
Мемлекет артқан сенімнен шығып, әсіресе бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға күш салып жатқан білім ошақтарының қатарында Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі де бар. Жүзге жуық білікті маман жұмыс жасайтын бұл білім ордасы бүгінге дейін талай саңлақты түлетті. Тіпті бір жылдары бірнеше рет еліміз бойынша үздік 100 мектептің қатарынан табылды. Сапалы білім беруде 2007 жылы үздік 100 мектепке тоқсаныншы болып енген білім ордасының уақыт өткен сайын турнирлік кестедегі сатысы жоғарылай берді. Бұл бір жағынан мектеп-лицейде атқарылған жұмыстағы сапаның да артқанын аңғартады. Араға төрт жыл салып үздік 100 мектептің қатарынан екінші мәрте табылған бұл білім ошағы 2015 жылы 68-ші орынға жайғасты. Бір ерекшелігі осы жылы облыс бойынша тек Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі ғана енген болатын. Ал 2016 жылы білім ордасы 45-ші орынға көтерілді.
Қоғам қайраткері атындағы мектеп-лицейінде білім сапасына ерекше мән берілген. Мәселен, мұнда тек осындағы қатардағы ұстаздар ғана оқушыларға сабақ бермейді, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 6 оқытушысы келісім шарт негізінде жұмыс жасайды. Мұндай білікті кадрларды тарту жастардың терең білім алуына жол ашады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі болар, жыл сайын мектеп-лицейдің түлектері ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. Мәселен, былтыр аталған білім ордасын 37 бала бітірсе, оның барлығы да ҰБТ-ға қатысқан. Ал нәтижесі жаңағы 37 түлектің отыз жетісі де ЖОО-на түсіп, оның 30-ы мемлекеттік грантқа қол жеткізген.
Айта берсек, білім ошағының жеткен жетістігі көп. Ұстаздар тарапынан да, оқушылар тарапынан да аудандық, облыстық және республикалық олимпиадаларда топ жарғандардың қатары қалың. Қазіргі таңда 700-ге жуық оқушы тәлім алып жатқан білім ордасының кейбір пәндерді оқытуда дәріс беру ерекшеліктері де бар. Мәселен, химия, физика, биология, информатика, математика сияқты бірқатар пәндер кейбір сыныптарға ағылшын тілінде оқытылады. Мұның расында тиімділігі мол. Мәселен, жастар ертеңгі күні бір жағынан қосымша тілді меңгерсе, келесі кезекте тың әрі шынайы мәліметтерге қол жеткізуде ағылшын тілінде қол жеткізе алады.
Мектеп-лицейде арнайы робототехника кабинеті жұмыс жасайды. Мұнда да информатика пәнінің мұғалімі Нұрхан Әбілдаев оқушыларға ағылшын тілінде сабақ береді. Мұғалімнің сөзінше, әсіресе бұл пәнді ағылшын тілінде өтудің маңызы зор. Себебі информатикадан терминдердің барлығы тек латын графикасында берілген.
2016 жылы жұмысын бастаған арнайы кабинет көп ұзамай нәтижесін беріп жатқан көрінеді. Сол уақыттан осы кабинетке жауапты Нұрхан Әбілдаев басында оқушыларға дайын жобалардың қалай жасалғанын үйрететін. Араға бір жыл салып оқуышлардың өздері арнайы жобалар ұсынып, түрлі техникалардың сызбасын дайындаған. Тіпті кейбірі арнайы роботтар да құрастырып үлгерген. Бүгінде мектеп-лицейінің оқушылары әзірлеген роботтар республикалық, облыстық аудандық түрлі сайыстарда жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр. Мұнда негізінен 5 пен 11 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Сабаққа қатысу оқушылардың өз еркінде. Бірақ мұндағы жастардың бәрі робототехниканы меңгеруге құштар екен.
Білім мен тәрбиені шәкірт санасына қатар сіңіруге күш салып жатқан мектеп-лицей ұжымының тынымсыз еңбегі көпке үлгі. Білікті маманның алғашқы іргетасы мектепте қаланады десек, осындай жоғары бағаға лайық оқу орындарының қатарында №123 мектеп-лицейі де бар. Қазіргі таңда мұнда жұмыс жасайтын 20 жас маманның 14-і бұрын осы білім ордасында оқыған. Қазіргі таңда аталған білім ошағынан түлеп ұшқан балалардың алды әр салада мемлекетке қызмет етуде. Артқан сенім мен ақталған үміт деген осы шығар.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ