РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ ОҚУШЫЛАРҒА ТАҢСЫҚ ЕМЕС
Әлемде робототехника ғылымы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазақстан да дамыған елдер қатарына қосылуда ғылыми-техникалық прогрестен шет қалмауы тиіс. Бұл ретте, ең алдымен, ақпараттық техника саласындағы мамандардың қатарын көбейту, оларды сапалық тұрғыдан жетілдіру маңызды болмақ. Бұл ретте қазақстандық, тіпті біздің аудандық мектептердің барлығында да робототехника кабинеті жұмыс істеуде.
Робототехника – роботтардың құрылысымен, жұмысымен, оған қоса оларды басқарумен айналысатын ғылыми технологияның саласы. Қазіргі таңда әлемде бұл үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мұндай әлемдік даму үдерісінен біздің ел де шет қалмауы тиіс. Аталған мектептің негізгі мақсаты да осы. Бұл үйірме бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оған Гүлшат Медеуова жетекшілік етеді. Үйірмеге 5, 8 сынып оқушылары қамтылады. Қарап отырсақ, робототехника үйірмесі оқушылардың бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық, инженерлік білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Роботтардың әр түрін құрастыра отырып, балалар шыдамдылыққа, терең ойлауға және әрбір жасалған жұмыстың нәтижесін көруге қалыптасады. Үйірме жетекшісінің айтуынша, робот құрастыру негізінен екі деңгейден тұрады екен. Біріншісі, роботтарды құрастыру, екіншісі, негізгі бағдарламаларын құру.
Аптасына екі рет 40 бала жаңа технологияның қыр-сырын білуге мүмкіндік алуда. Кабинеттегі құрастырғыш жинақ үйірме қатысушыларына үйренуге аса қиындық туғызбайды және құрастырмалардың көмегімен кез келген пішіндегі роботтарды жасап шығаруға болады. Оқушылар роботтарды құрастыруды, оларды құрылғы арқылы басқаруды меңгеруде. Олар түрлі техникаларды, дрон мен адам кейпіндегі роботтарды да құрастырыпты. Осы ретте Гүлшат Медеуованың алдағы кезеңде кей маман иелерінің орнын роботтар басады деген болжамға көзқарасын білдік.
– Жалпы құлтемірден қауіптенуге негіз жоқ деп ойлаймын. Өйткені олардың да қолынан келмейтін жұмыс көп. Олар адам қиялынан туған дүние. Демек, адамның қасында дәрменсіздігі басым. Роботтардың бар болмысы бір ғана нүктеге байланысты болғандықтан, тоғын қазір ажыратсаңыз қазір істен шығады. Жаппай роботтандыру дамыған мемлекет тұрғындарына ғана тән. Әлемнің көп бөлігінде болашақта да адам еңбегін пайдалану жалғаса береді. Бұл жерде роботты қолдану не қолданбау жұмыс берушіге экономикалық тұрғыдан тиімді болуына байланысты екені сөзсіз, – дейді үйірме жетекшісі.
Шынында, заман талабына сай заманауи технологияларды, әлем назарын аударып отырған робототехника ғылымын балаларға меңгертуде алдына жан салмайтын жетекшілер мен оқушылардың жұмысы көңіл қуантарлық. Қосымшаға қатысатын оқушылар біршама уақыттың ішінде жаңа ғылымның қыр-сырын меңгеріп алған. Оқушылар әп сәтте, жылдам әрі тиянақты қимылмен робот құрастырып шығады. Тың идеяларды тудыратын, жаңашыл, бастамашыл жастарды тәрбиелеудегі елеулі еңбектеріне жеміс тілейміз.
Нұржамила Алмасқызы