БІЛІКТІ ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТІ БИІКТІ БАҒЫНДЫРАДЫ
Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғымы болса, оның бірі – ұстаз. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің бойына бар асыл қасиеттерді ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен білімпаздықты жия білген білікті мамандар ауданда да көптеп саналады. Ауданымыздың білім бәйгесінде мерейін асырып, талай-талай белестерді бағындырып, ҰБТ қорытындысымен бірнеше жыл қатарынан алдыңғы үштіктен көрінуі – ұстаз еңбегінің жемісі. №202 орта мектептің физика және математика пәнінің мұғалімі Мирамкүл Елеусінованың да шәкірттері білім жолында ұстаз еңбегінің, ата-ананың үмітін ақтап жүр. Мирамкүл Елеусінова оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген, кәсіби біліктілігін арттырумен қатар талай жетістіктерге жетіп жүрген ұлағатты ұстаз.
– Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік таным біліктілігін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Әрине, оңай жұмыс емес. Алдыңа әр үйдің еркесі келгенде бәрінің назарын өзіңе аударып, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін еңбектену қажет. Өз іс-тәжірибемде күн сайын білім берудегі жаңаша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырып және әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасаймын. Мұғалім деген ардақты атты иеленіп, арқалап жүргеніме өзімді бақытты санаймын, – дейді ұстаз өз сөзінде.
М.Елеусінова Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында физика және математика мамандығы бойынша жоғары білім алған. Алғашқы еңбек жолын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Байкенже совхозында орта мектепте физика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. Одан кейін Қызылорда қаласындағы теміржол техникумында физика пәнінің мұғалімі, 1994 жылдың желтоқсан айынан осы мектептің физика және математика пәнінің мұғалімі. 2009-2010 оқу жылында осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Өз ортасында байсалды мінезімен беделге ие болған Мирамкүл апайымыз оқушылармен сабақтан тыс уақытта да шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында жұмыс жасайды екен. Әріптестері М.Елеусінова жайында «Мұғалім болып жұмыс жасағалы Мирамкүл өзін білікті маман, тәжірибелі ұстаз ретінде көрсете білді. Физика пәнінен мектепте оқушылар арасында түрлі танымдық шараларды ұйымдастырып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жас мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар беруде аянбайды. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде ұстаздық кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалаймыз» дейді.
Бүгінде білікті ұстаз өзі сабақ беретін физика және математика пәнін терең меңгерген, теориялық білімін күнделікті әрбір сабағында іске асырып, тәрбие мен білімді қатар ұштастырып отырған, шәкірттерін жоғарғы биіктерден көрсетіп жүрген маман. Сонымен бірге ол білім жетілдіру курстарынан да өтіп, өз білік деңгейін дамытып отырады. 2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында екінші деңгей курсын, 2017 жылы ҚР Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын аяқтады. Сонымен бірге көп жылдан бергі жинақтаған педагогикалық тәжірибесін қамтыған мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Ұлттық бірыңғай тест тапсырушыларға арналған көмекші құрал», «Физика пәнінен қиындығы жоғары есептерді шешу жолдары» атты әдістемелік көмекші құралдарын жарыққа шығарған. Білікті, тәжірибелі ұстаз бүгінде жаңа электронды оқулықтарды, техникалық құралдарды, интернетті, дидактикалық көрнекіліктер мен бейнесабақ, тест тапсырмалары мен «BilimLand» сайтындағы тапсырмаларды оқу үрдісінде кеңінен пайдаланады. Міне, осындай жаңашыл, мықты идеясы бар ұстаздар сабақ беретін мектептен үздіктердің шығуы көңіл қуантады. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, аталған білім ордасының оқушылары да білім бәйгесінде топ жарып жүр. Білікті шәкірттер республикалық, қала берді халықаралық сайыстарда марапат төрінен көрініп, жүлдемен оралуда.
Мәселен, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 7-9 сынып оқушылары арасында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9 сынып оқушысы Есқара Бағлан топ бойынша ІІ орын, республикалық кезеңінде І орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде физика пәнінен ІІ орынды иеленді. Білімді оқушылардың қатарында жыл аяғында республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде «Тарих» секциясы бойынша ІІІ орынды, «Менің кіші Отаным» ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде «Кішкентай Отанымның символы» бағыты бойынша І орынды алған Нұрсұлу Мырзаш та бар. Сондай-ақ 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сарыарқа саңлағы» атты облыстық байқаудың «Дәуір тудырған дарабоз» бөлімінде Б.Майлиннің шығармалары аясында ізденіс жұмыстары бойынша 9 сынып оқушысы Молдабек Арай ІІІ орынды, «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты облыстық форумның «Мен мамандықтар әлемінде» атты эссе байқауында Тасболат Аружан ІІІ орынды, «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы республикалық шығармашылығы көрмесінің облыстық кезеңінде «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Әбілбеков Жұбандық ІІ орынды жеңіп алды.
Бұл – іргелі білім ошағының мерейін асырып жүрген оқушылардың бірнешеуі ғана. Жалпы азаматын ардақтап, өткеніне құрметпен қарайтын Жалағашта талантты, талапты, үздіктер баршылық. Сонау шет елдерде Қазақстанның атын шығарып, аудан абыройын асқақтатқан өрендер де бар. Біз олармен мақтанамыз.
Нұржамила Алмасқызы